Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент қаласында инфрақұрылымдық жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды

Шымкент қаласында инфрақұрылымдық жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды

17 Қантар 2025, Жұма
1 519
0
Шымкент қаласында инфрақұрылымдық жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды

Су және кәріз жүйелері халықтың өмір сапасын жақсартуда және қаланың дамуында маңызды рөл атқарады. Осы орайда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және сала мамандары кезекті аралау барысында Абай ауданындағы «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жаңа арнайы техникасымен танысты. Бұл техника заманауи және пайдалануға ыңғайлы. Ол кәсіпорын қызметкерлеріне су және кәріз желілеріндегі апаттарды жылдам жоюға, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының уақытын қысқартып, сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қала әкімі жаңа техниканың тиімділігін атап өтіп, оны ақаулықтарды тез арада түзету үшін тиімді пайдалану қажеттігін айтты. Бұдан соң «Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығы» мен Кеңес Одағының Батыры С. Рахимов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебінің ғимараттарын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Құрылыс басқармасының басшысына құрылыс жұмыстары мен нысан маңындағы аумақты абаттандыруды қатаң бақылауды тапсырды.

Сонымен қатар, қала әкімі қаладағы қоғамдық көлік жүйесін жақсарту бағытында да жұмыстар атқарылатынын айтты. Бұл ретте, қалалық аялдамаларға қоғамдық көлік бағыты мен қозғалыс кестесін көрсететін электронды тақта орнату жобасының іске асырылу барысы тексерілді. Биыл жобаның бірінші кезеңі аясында Шымкентте 100-ден астам аялдамаға ақпараттық дисплей орнатылады. Бұл шаралар қала тұрғындарына қоғамдық көлікті тиімді пайдалануға көмектесіп, қала инфрақұрылымын заманауи деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать