Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қоғамдық қабылдауында әлеуметтік мәселелер көтерілді: Тұрғындар өз ұсыныстарын айтты
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қоғамдық қабылдауында әлеуметтік мәселелер көтерілді: Тұрғындар өз ұсыныстарын айтты
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдау барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева және сала өкілдері тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін тыңдап, ұсыныстарын қарастырды. Қабылдауға келген азаматтар тарапынан көтерілген негізгі мәселелер – жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін үкіметтік емес ұйымдарды лицензиялау, мүгедектігі бар балаларды оңалту және оларға қолдау көрсету, атаулы әлеуметтік көмек алу, зейнеткерлерге шипажайларға жолдама беру.
Әлеуметтік сала өкілдері әрбір өтінішті мұқият қарастырып, заң аясында шешім қабылданатынын айтты. Сонымен қатар, кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмелер беріліп, нақты шешу жолдары ұсынылды. Қала тұрғындары мұндай қабылдаулардың дер кезінде өткізілуі олардың проблемаларын жедел анықтап, қажетті көмек алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қоғамдық қабылдау қала әкімдігінің халыққа жақын болуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді. Әкімдік қызметі тұрғындардың қажеттіліктерін ескеріп, әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында тұрақты түрде жұмыс істейтінін және алдағы уақытта да осындай қабылдаулардың өткізіле беретінін мәлімдеді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






