Түркістан облысы: экономикалық өсім қарқынын сақтап, дамуда
Түркістан облысы: экономикалық өсім қарқынын сақтап, дамуда
Түркістан облысында 2024 жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні сақталды. Алдын ала есептеулер бойынша, облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 4,9 триллион теңгені құрап, қысқа мерзімді экономикалық өсім 111%-ға жетті (республика бойынша 106,2%). Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық өсімді 6%-ға жеткізу туралы тапсырмасына толықтай сәйкес келеді. Атап айтқанда, көлік және қоймалау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларынан басқа барлық көрсеткіштер бойынша межеге қол жеткізілді.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте экономикалық өсімді арттыру жолдары талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Әкім аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына 2025 жылға белгіленген көрсеткіштердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Негізгі индикаторлардың орындалу барысы әр тоқсан сайын аппараттық мәжілісте қаралатын болады. Сонымен қатар, рейтингте соңғы үш орынды иеленген аудан әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігі қарастырылады. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін баса айтқан облыс әкімі көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына сын айтып, нақты іске көшуге шақырды.
Түркістан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбектің мәліметінше, өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,2 триллион теңгені құрап, 110,1%-ға өскен. Өңдеу өнеркәсібінде бұл көрсеткіш 585,4 млрд теңгеге жетіп, өсім 13,1% құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1 триллион 83 миллиард теңгеге жетіп, 106,9%-ға өскен. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1,3 триллион теңгеге жетіп, жоспар 1,4 есеге артығымен орындалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 536,2 млрд теңгені құрап, 1,3 есеге артқан. Бұл салада да белгіленген межеге толықтай қол жеткізілді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға аудан, қалалардың экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленуде. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша рейтингтік бағалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
16 Қантар 2025, Бейсенбі
Түркістан облысынба тұрғын үймен қамту саласындағы өзгерістер мен жоспарлар
Комментарии (0)