Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістанда жалпықалалық сенбілік: «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда

Түркістанда жалпықалалық сенбілік: «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда

22 Қантар 2025, Сәрсенбі
1 522
0
Түркістанда жалпықалалық сенбілік: «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда

Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл игі шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған әкімдік қызметкерлерімен қатар, белсенді түркістандықтар да атсалысты.

Түркістан – Түркі елдерінің рухани астанасы. Оның көркеюі мен тазалығы әрбір тұрғынның жауапкершілігінде. Қала басшысы тазалық жұмыстарына белсене қатысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстауы қажеттігін атап өтті.

Сенбілік барысында саябақтар мен алаңдар, арық-атыздар мен көшелер қоқыстардан тазартылды. Шамамен 500-ге жуық түркістандық қатысқан шараға 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Жиналған қоқыстар арнайы полигондарға тасымалданды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс көлемінде тазалық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы бағдарлама шеңберінде 7300-ге жуық тазалық іс-шарасын өткізу жоспарланған. Бұл іс-шаралар Түркістан қаласын ғана емес, бүкіл облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға, тұрғындардың денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Жалпықалалық сенбілік – тазалыққа деген ұмтылыстың айқын көрінісі және қала тұрғындарының бірлігінің жарқын дәлелі. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать