10) Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасады
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасады
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты түрде жалғасын табуда. Бекітілген кестеге сәйкес, облыс көлемінде 800-ден астам ауқымды сенбілік өткізіліп, оған 299 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Сондай-ақ 1 миллионнан аса ағаш отырғызылып, 3 мың тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
Өңір басшысы тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ экологиялық сауаттылықты арттыру және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, бағдарламаның жүзеге асырылуына қоғамдық бақылау да жалғасатыны атап өтілді.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндама жасап, аймақтағы «Телеграмм бот» платформасына 859 өтініш түскенін, оның 852-сі орындалғанын хабарлады. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда заң бұзған тұлғаларға 26 702 хаттама толтырылып, 318,5 млн теңге айыппұл салынған. Жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Ұлттық кітап күні: Астананың білім ордаларында «8 минуттық оқу» жобасы жүзеге асырылып келеді
24 Сәуір 2025, Бейсенбі
Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери-патриоттық жарыс өтуде
18 Сәуір 2025, Жұма
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:

13 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 160-тан астам жоба іске асырылады: Ауыз су, газ, жарық және кәріз жүйелері бойынша ауқымды жұмы

07 Шілде 2024, Жексенбі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ІСКЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

07 Шілде 2024, Жексенбі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ІСКЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ
Комментарии (0)