Байланысқа арналған телефондар:
» » Түркістан музейі: тарих пен мәдениеттің қазынасын жаңғырту жолдары қарастырылды

Түркістан музейі: тарих пен мәдениеттің қазынасын жаңғырту жолдары қарастырылды

22 Қантар 2025, Сәрсенбі
1 576
0
Түркістан музейі: тарих пен мәдениеттің қазынасын жаңғырту жолдары қарастырылды

Бір ғасырдан астам тарихы бар Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың назарында болды. Музейді аралап, этнографиялық жәдігерлермен танысқан Ертай Кенжебекұлы өңірдің тарихи-мәдени әлеуетін арттырудағы музейдің маңызды рөлін атап өтті. Жас ұрпақты тәрбиелеуде мұражайлар мен кітапханалардың, олардағы жәдігерлер мен кітап қорын байытудың үлкен маңызға ие екендігін айтты. Қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажеттілігін баса айтып, музейге жастарды көптеп тарту керектігін жеткізді.

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі – өлкенің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтап, рухани-идеологиялық тәрбие беретін маңызды мекеме. 1920 жылы құрылған музей биыл 105 жылдық мерейтойын атап өтеді. Екі қабатты музейде Табиғат және археология, Этнография, Қазақстан тарихы және жаңа заман, Тәуелсіз Қазақстан атты төрт экспозициялық зал бар. Музей қорындағы тарихи жәдігерлер саны 83 154-ке жеткен. Олардың ішінде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының қылышы және басқа да құнды тарихи жәдігерлер бар.

Музей жұмысын жандандыру мақсатында бірқатар бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:

* Жастарды тарту: Музейге жас ұрпақты тарту үшін интерактивті экскурсиялар, викториналар, тақырыптық кештер ұйымдастырылуда.
* Қорды байыту: Музей қорын байыту мақсатында жәдігерлер жинау жұмыстары жалғасуда. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жаңа жәдігерлер музей экспозициясынан орын алады.
* Ғылыми-зерттеу жұмыстары: Музей қызметкерлері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өңір тарихына қатысты жаңа деректерді ашуда.
* Халықаралық байланыстар: Музей басқа елдердің мұражайларымен халықаралық байланыс орнатып, тәжірибе алмасуда.


Бұл шаралар Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысын жандандырып, оны өңірдің мәдени және рухани орталығына айналдыруға септігін тигізеді. 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать