Байланысқа арналған телефондар:
» » Бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 2-2024 шақырылым сарбаздарына жауынгерлік қаруды табыстауға арналған салтанатты рәсімі өтті

Бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 2-2024 шақырылым сарбаздарына жауынгерлік қаруды табыстауға арналған салтанатты рәсімі өтті

23 Қантар 2025, Бейсенбі
1 521
0
Бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 2-2024 шақырылым сарбаздарына жауынгерлік қаруды табыстауға арналған салтанатты рәсімі өтті

Бүгін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде 2-2024 шақырылым сарбаздарына жауынгерлік қаруды табыстауға арналған салтанатты рәсімі өтті. Бұл іс-шара әскерилердің өміріндегі маңызды кезең болып табылады, өйткені қару-жарақ пен атыс қаруын бекіту, олар әскери ант қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл рәсім сарбаздардың әскери өміріндегі жауапкершіліктің жаңа кезеңін айқындайды, әрі олардың Отан алдындағы борыштарын атқарудағы үлкен жауапкершілігін көрсетеді.

Қаруды тапсыру дәстүрі Қазақстанның әскери тарихында терең тамыр алып, Отанды қорғау ісін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында қалыптасқан. Бригада командирінің міндетін уақытша атқарушы полковник Төлеген Шыныбеков өз сөзінде, әскери қызметшілерге жалпыәскери жарғылардың Отанды қорғау үшін өзіне сеніп тапсырылған қаруды қолдануға тұрақты дайындықта болу туралы талаптарын еске салды.

– Қаруға деген сүйіспеншілік, оны ұрыста шебер қолдану – бұл ежелгі дәуірден бастау алған қазақстандық жауынгерлердің даңқты дәстүрі. Бұл дәстүрдің көрінісі бір ұрпақтың Отанын қорғау ісін екіншісіне беруді бейнелейтін қару табыстаудың салтанатты рәсімі болып табылады. Сіздер әскери істі ынтамен және бастамашылықпен зерделейтіндеріңізге, әскери бөлім мен Ұлттық ұланның даңқты дәстүрлерін сақтап, өз бөлімшелеріңіздің намысын әрадайым қорғайтындарыңызға сенімдімін, – деп атап өтті Төлеген Өркінбекұлы.

Салтанатты шараға қатысқан әскери бөлімнің ардагерлері мен Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жас сарбаздарды құттықтап, оларға бейбіт аспан мен қызметтеріне сәттілік тіледі. Олар жауынгерлерге болашақ қызметінде абыройлы болуды, Отан алдындағы борышын адал атқаруды, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен әскери бөлімнің даңқты дәстүрлерін жалғастыруды тілеп, ақ тілектерін жеткізді.

Жеке құрамға қаруды тапсыру тәртібі ішкі қызметтің жарғысында нақты жазылған. Әскери бөлімшелерде қару-жарақ алған сәттен бастап, сарбаздарға оны дұрыс қолдану және сақтау жөнінде арнайы бұйрықтар мен нұсқаулар беріледі. Бұл шараның мақсаты тек жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар сарбаздардың патриоттық сезімін қалыптастыру, олардың жауынгерлік даярлығын арттыру болып табылады.

Қаруды табыстау рәсімі – бұл Қазақстанның әскери тарихындағы маңызды дәстүр. 
 
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы  

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать