5) Шымкент қаласы алдыңғы қатарлы медициналық туризм орталығына айналып келеді
Шымкент қаласы алдыңғы қатарлы медициналық туризм орталығына айналып келеді
Шымкент қаласы медициналық туризмді дамыту бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді. 2024 жылы шетелден 100-ден аса адам қалаға ем іздеп келді. №2 қалалық ауруханасында шетелден келген науқастарға күрделі нейрохирургиялық операциялар жасалды. Бұл операциялар Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Швейцариядан келген пациенттерге сәтті жүргізілді. Ресей және басқа елдерден келген науқастар да жоғары мамандандырылған көмек алды.
№1 қалалық аурухана да халықаралық деңгейде қызмет көрсетуде. Қытай, Өзбекстан, Ресейден келген науқастарға күрделі ота жасалып, диагностика мен емдеу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Оған қоса, Шымкент қаласының диагностикалық орталығы амбулаториялық деңгейде медициналық туризмді дамытуда. Орталықтың заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтары мен кәсіби мамандардың көмегімен шетелден келген азаматтарға жоғары сапалы диагностикалық қызметтер көрсетілуде. 2024 жылы бұл мекеме 50-ден астам шетелдік пациентке зертханалық, радиологиялық және эндоскопиялық қызметтер ұсынды.
Сонымен қатар, Шымкент жүрек орталығы халықаралық серіктестермен бірге медициналық туризм саласында белсенді қызмет атқарып келеді. 2024 жылы орталық АҚШ, Ресей, Ауғанстан және Тәжікстан елдерінен келген пациенттерге жоғары технологиялық оталар жасады.
Шымкенттің медициналық туризм саласындағы жетістіктері жыл сайын артып келе жатқан шетелдік науқастар саны арқылы көрініс табуда, және бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)