8) Түркістандықтардың 85,5 пайызы табиғи газбен қамтылған
Түркістандықтардың 85,5 пайызы табиғи газбен қамтылған
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылымды дамыту және табиғи газбен қамту мәселелері бойынша берген тапсырмалары аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, облыстағы 807 елді мекеннің 563-і табиғи газбен қамтылған, бұл 1 833 455 тұрғынның немесе облыс халқының 85,5%-ын құрайды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен, 2025 жылы тағы да бірнеше нысанның құрылысы аяқталып, облыс тұрғындарының көгілдір отынға қолжетімділігі одан әрі артады. Осы жылдың соңына дейін 47 нысанның құрылысы басталып, оның 25-і 2025 жылы пайдалануға беріледі, ал қалған 27 нысанның құрылысы 2026 жылы жалғасады. Сонымен қатар, облыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Бұл жоспарға сәйкес, 2027 жылға дейін 244 елді мекенге табиғи газ жеткізіліп, 311 мың адамды қамту жоспарлануда.
Түркістан облысының газбен қамтылуы — аймақтағы әлеуметтік инфрақұрылымның сапасын арттыру, тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін маңызды қадам болып табылады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
08 Желтоқсан 2023, Жұма
НҰРШУАҚ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Комментарии (0)