Шымкентте еңбек қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Шымкентте еңбек қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және «ЮПЭКс» ЖШС бірлесіп, қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістегі жарақаттың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтау, өндірістегі технологиялық нормалардың орындалуы, жабдықтармен, станоктармен және механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары талқыланды. Кәсіпорындағы қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтардың сақталуын қамтамасыз ету және бақылауға ерекше көңіл бөлінді.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін білуінің маңыздылығы атап өтілді. Түсіндіру жұмыстары қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша хабардарлығын арттырып, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған. Бұл шаралар жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қызметкерлердің денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Прокуратура мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті тарапынан еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілетіні айып өтілді.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)