Шымкентте екі тұрғын алап газбен қамтамасыз етілді
Шымкентте екі тұрғын алап газбен қамтамасыз етілді
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қайтпас-1 және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алаптарының газға қосылу салтанатына қатысты. Тұрғын алаптары мен шағын аудандарды кезең-кезеңімен газдандыру аясында 1250-ден астам абонент табиғи газға қол жеткізді. Бұл 5000-нан астам тұрғынның тұрмыс жағдайын жақсартады.
Газ құбырларының құрылысы өткен жылдың көктемінде басталып, жалпы ұзындығы шамамен 40 шақырымды құрайды. Қала басшысы тұрғындардың қуанышына ортақтасып, жауапты қызметкерлерге алғысын білдірді. Сонымен қатар, тұрғындарға табиғи газды пайдалану ережелерін сақтауды және газ жабдықтарының жай-күйін үнемі тексеріп отырудың маңыздылығын ескертті.
Тұрғын алаптарын газдандыру көмірге тәуелділікті азайтып, ауаның ластану деңгейін төмендетеді және қаланың экологиялық жағдайын жақсартады. Газға қосылу үшін тұрғындар "QazaqGaz Aimaq" АҚ-на қажетті құжаттармен өтініш беруі керек. Бұл шара қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадам болып табылады.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
15 Желтоқсан 2024, Жексенбі
Шымкент: Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді 100 пайызға жеткізу көзделуде.
13 Желтоқсан 2024, Жұма
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданында жергілікті тұрғындармен және «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығымен бірге “Бозарық-3” шағынауданына табиғи газ қосу шарасына қатысты.
14 Желтоқсан 2024, Сенбі
Жұмыстардың уақтылы аяқталуының нәтижесінде Шымкентте 25 мыңнан астам абонент 2024 жылы көгілдір отынға қол жеткізе алады.
08 Желтоқсан 2023, Жұма
НҰРШУАҚ ЕЛДІМЕКЕНІНДЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ АБОНЕНТ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Комментарии (0)