Байланысқа арналған телефондар:
» » 4) ШЫМКЕНТ: прокурорлар түсіндірме жұмыстарын жүргізді

4) ШЫМКЕНТ: прокурорлар түсіндірме жұмыстарын жүргізді

26 Қантар 2025, Жексенбі
31
0
ШЫМКЕНТ: прокурорлар түсіндірме жұмыстарын жүргізді
  Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті бірлесіп жүргізген шаралар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. «ЮПЭКс» ЖШС-де өткізілген түсіндіру жұмыстары өндірістегі жарақаттардың алдын алу үшін өте маңызды қадам болып табылады. Кездесу барысында жұмысшылардың қауіпсіздігіне қатысты ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау мәселелері талқыланып, жұмыс орындарындағы техникалық нормалардың сақталуы басты назарға алынған.
  Бұл шаралар қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі бойынша білімін арттырып, олардың кәсіптік аурулар мен жазатайым оқиғалардан қорғауға бағытталған. Жабдықтармен және станоктармен жұмыс істегенде сақтық шараларын сақтау, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерінің орындалуын бақылау өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
  Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек жұмыс берушінің ғана емес, барлық қызметкерлердің жауапкершілігіне жатады. Бұл жұмыстың жүйелі түрде жүргізілуі және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне дұрыс көңіл бөлу өндірістік ортадағы қауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать

0