Шымкентте электр желілерінің тозуы мәселесі өзекті болып қалуда
Шымкентте электр желілерінің тозуы мәселесі өзекті болып қалуда
Шымкент қаласында электр желілерінің 57%-ы тозған. Бұл мәселе қаланың энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Өткен жылы қаланы жарықпен қамтамасыз етуші мекеменің инвестициялық бағдарламасы аясында 180 шақырым магистральді желі жаңғыртылды. Бюджет есебінен "Асар-2", "Бозарық-1" және "Бозарық-3" шағын аудандарына электр жүйесі тартылып, 2 мыңнан астам абонент сапалы жарықпен қамтылды.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Биыл да қазынадан 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, желілердің тозу деңгейін төмендетуге жұмсалады. "Қайнар бұлақ", "Құрсай" шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қосалқы стансалар жөндеуден өтеді.
Дегенмен, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мамандарының айтуынша, электр желілерін толық жаңғырту мүмкін емес. Қолданыстағы желі уақыт өткен сайын ауыстыруды талап етеді. Желілердің басым бөлігі 50-70 жылдары салынғандықтан, тозу деңгейі жыл сайын қайта көтеріліп отырады. Жаңартылған желілердің өзі біраз уақыттан кейін қайтадан тозады.
Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Шохан Айдарбек желілердің тозу деңгейін төмендетуді басты міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Алайда, электр қуатынан алынған қаражат үнемі сол желілерді жөндеуге жұмсалып отырғандықтан, мәселені түбегейлі шешу қиынға соғуда. Бұл жағдай қаладағы электр қуатымен жабдықтаудың тұрақтылығына қауіп төндіреді. Сондықтан, мәселені шешу үшін жаңа технологияларды енгізу және инвестицияларды арттыру қажет.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Похожие материалы:

10 Желтоқсан 2024, Сейсенбі
Республикасы Үкіметінің жарлығымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.

01 Қазан 2024, Сейсенбі
Тұрғын үй ғимараттарының, инженерлік жүйелердің жөндеуі мен қызмет көрсетуі.

09 Қантар 2024, Сейсенбі
БОЗАРЫҚТЫҢ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС АУМАҒЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛАДЫ

22 Қазан 2023, Жексенбі
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ
Комментарии (0)