Республикасы Үкіметінің жарлығымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
Әрбір зайырлы мемлекет ел тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруды көздейді. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы ел экономикасының тұрақты дамуының алғышарты десек артық айтпаған болар едік. Жоғарыда айтқан мәселелерге байланысты біздің елімізде ауқымды шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Сондай жобалардың бірі де бірегейі – 2021 жылы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
Аталған жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды. Бұл жоба тұрғындарының ең негізгі проблемаларын шешуге бағытталған. Жоба екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Кеңінен айтатын болсақ, ұлттық жоба халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту әрі тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату негізінде жасалған.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы 2021-2025 жылдарға жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 7,6 трлн теңгені құрайды. Осы жоба негізінде жүзеге асырылатын жұмыстарға тоқталсақ, ең алдымен базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу бағыты аясында инфрақұрылымды кешенді дамыту бағыты бойынша 16 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды, 46 топтық су құбырын реконструкциялауды, 785 шақырым ирригация желілерін жүргізу және жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде ел тұрғындары 2025 жылға қарай ауыз сумен толық қамтылады деп күтілуде. Осы тұста «Су ішетін арығы жоқ елдің, сүзіп алатын балығы жоқ» демекші, осы айтылған жоспарлар қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде іске асса 2025 жылы елімізде су тапшылығы орын алмайды деген сөз. Тағы айта кететін жайт, инженерлік желілердің тозуы 55%-дан 47%-ға дейін қысқаруы осы жоба аясында іске асырылады.
Сонымен қоса, тағы бір қуантарлық бағыттардың бірі жұмыс істейтін жастар үшін 15 мың тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Өз кезегінде бұл бағыт жастар арасында тұрғын үй мәселесін шешуге ықпал етеді. Жасыратыны жоқ жұмыс істейтін біраз жастардың жалдамалы пәтер жалдап жүргендері аз емес. Айтылған жоспарлар уақытында орындалса, баспана іздеп сабылатын жастар азаяр еді.
«Биылғы жоспар бойынша «Ақжар» 110КВ қосалқы станциясы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі. Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр», - деді Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Аталған жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды. Бұл жоба тұрғындарының ең негізгі проблемаларын шешуге бағытталған. Жоба екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Кеңінен айтатын болсақ, ұлттық жоба халықтың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту әрі тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату негізінде жасалған.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы 2021-2025 жылдарға жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 7,6 трлн теңгені құрайды. Осы жоба негізінде жүзеге асырылатын жұмыстарға тоқталсақ, ең алдымен базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу бағыты аясында инфрақұрылымды кешенді дамыту бағыты бойынша 16 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды, 46 топтық су құбырын реконструкциялауды, 785 шақырым ирригация желілерін жүргізу және жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде ел тұрғындары 2025 жылға қарай ауыз сумен толық қамтылады деп күтілуде. Осы тұста «Су ішетін арығы жоқ елдің, сүзіп алатын балығы жоқ» демекші, осы айтылған жоспарлар қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде іске асса 2025 жылы елімізде су тапшылығы орын алмайды деген сөз. Тағы айта кететін жайт, инженерлік желілердің тозуы 55%-дан 47%-ға дейін қысқаруы осы жоба аясында іске асырылады.
Ауылдық аймақтардағы өзгерістер
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауыл ішінде 12 мың шақырым инженерлік желі, 10 мың км кентішілік жолдар мен 1,5 мың әлеуметтік нысандар салынып, жөнделетін болады. Нәтижесінде елдімекендердегі жолдардың сапасы жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізіліп, 3,5 мыңнан астам ауылдың инфрақұрылымы стандарттарға сәйкес болады деп жоспарлануда.Тұрғын үй мәселесі
Елімізде тұрғын үй мәселесі өзекті әрі шешілмеген проблемалардың бірі деуге болады. Осы ретте ұлттық жобаның екінші міндеті азаматтарға сапалы әрі жайлы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып саналады. «Жайлы тұрғын үй» бағыты бойынша белгілі санаттарға жататын 180 мыңнан астам адамның жалға алған тұрғын үйге кететін шығынын субсидиялау, 100 мыңнан астам әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салу және өз қызметкерлері үшін ауылдық жерден үй салған жұмыс берушілердің шығындарын жабу жұмыстары атқарылады.Сонымен қоса, тағы бір қуантарлық бағыттардың бірі жұмыс істейтін жастар үшін 15 мың тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Өз кезегінде бұл бағыт жастар арасында тұрғын үй мәселесін шешуге ықпал етеді. Жасыратыны жоқ жұмыс істейтін біраз жастардың жалдамалы пәтер жалдап жүргендері аз емес. Айтылған жоспарлар уақытында орындалса, баспана іздеп сабылатын жастар азаяр еді.
Қаладағы инфрақұрылымдық даму
Үшінші мегаполисте қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен «1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды.«Биылғы жоспар бойынша «Ақжар» 110КВ қосалқы станциясы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі. Қала халқының өсіміне қарай сапалы электр қуатымен қамту үшін 2023-2025 жылдары 6 қосалқы станцияның құрылысы жоспарланып отыр», - деді Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері.
Табиғи газбен қамту
Табиғи газбен қамту қаладағы кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Осы ретте биыл табиғи газбен қамту бойынша 1 магистралды желі, 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде табиғи газбен қамту көрсеткіші 93%-дан 94,7%-ға дейін көтеріледі. «2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқа да нысандар 100% табиғи газбен қамтылады», - деді басқарма өкілдері.Қорытынды
Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы тұрғындар үшін қолайлы өмір сүрудің негізі болып саналады. Бұл мәселелер халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін болғандықтан, уақытында шешімін тапқаны дұрыс деп білеміз.Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде жаңа тағайындаулар.
09 Қантар 2025, Бейсенбі
Түркістанда білім сапасын арттыру
09 Қантар 2025, Бейсенбі
Түркістанда кәсіпкерлік дамуы
09 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
Ұлттық жоба қатарындағы ең маңыздыларының бірі — «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері».
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері" ұлттық жобасы 2021 жылы іске қосылды.
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын әзірледі.
Комментарии (0)