Байланысқа арналған телефондар:
» » 4) ШЫМКЕНТ: оңалту мен шығармашылық мекені

4) ШЫМКЕНТ: оңалту мен шығармашылық мекені

28 Қантар 2025, Сейсенбі
11
0
ШЫМКЕНТ: оңалту мен шығармашылық мекені

  Шымкент қаласындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 2024 жылы 569 мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетіп, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар ауқымды жұмыстарды жүзеге асырды. Бұл орталықтың мамандары мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік ортаға бейімделуін қамтамасыз ету үшін жеке және топтық емдеу шараларын ұйымдастырды.
  Орталықтың қызмет алушыларының арасында 287 адам тірек-қимыл аппараты бұзылған, 79-ы қол арбамен қозғалатындар, ал 203 адам өз-өзіне қызмет көрсете алатындар санатына жатады. Орталықтың жүргізген емдік іс-шараларының нәтижесінде, 78,5% азаматтардың қозғалу функциялары қалпына келіп, әлеуметтік бейімделу деңгейі жақсарды.
  Сонымен қатар, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. «Шынықсаң – шымыр боласың», «Спорт – денсаулық кепілі» және «Ұлттық спорт ойындары» сияқты спорттық сайыстар қатысушылардың дене қозғалысын дамытуға көмектесті. Еңбек терапиясы аясында, тігін машиналарын пайдалану, қол моторикасын дамыту, моншақтан бұйымдар жасау сияқты жұмыстар да жүргізілді, нәтижесінде 16 адам жасаған бұйымдарын сатудан табыс таба бастады.
  Дәрігерлер әр қызмет алушының диагнозына сәйкес жеке жұмыс жоспарын жасап, физиотерапиялық емдер мен басқа да емдік шараларды қолданды. Осы жұмыстардың 98,7%-ы оң нәтиже көрсетіп, орталық қызмет алушылардың денсаулығын жақсартуға елеулі үлес қосуда. Сонымен бірге, орталықтың инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай бейімделіп, мүгедектігі бар адамдардың күнделікті өмірін жеңілдетуге арналған. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать