Байланысқа арналған телефондар:
» » 5) Түркістан мақтасынан жасалған маталарды Louis Vuitton және Gucci пайдаланады

5) Түркістан мақтасынан жасалған маталарды Louis Vuitton және Gucci пайдаланады

13 Қантар 2025, Дүйсенбі
12
0
Түркістан мақтасынан жасалған маталарды Louis Vuitton және Gucci пайдаланады

  Түркістанда 146,8 млрд теңгеге мақта өңдеу кешені салынатын болады. Бұл жобаның мақсаты – мақта агроөнеркәсіп кешенін дамыту және облыстағы мақта кластерін нығайту. Жоба Turan арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылмақ, оның құрылыс жұмыстары Xinjiang Lihua (Group) Co., LTD компаниясы тарапынан жүргізіледі.
  Жаңа кешенде толық циклді тоқыма фабрикасы ашылып, 11 цехта иіру, мата өндіру, бояу және өңдеу сияқты түрлі өндірістік процестер іске асырылатын болады. Өндіріс қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн метр үй тоқымасын және 7 млн жиынтық төсек әбзелдерін құрамақ. Кешеннің жұмысына 2000-нан астам адам тартылмақ.
 Жобаның басты артықшылығы – әлемге әйгілі сән брендтері Louis Vuitton және Gucci компанияларымен тікелей ынтымақтастық орнату. Бұл мақта жіптері мен маталарының халықаралық нарықта сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.
  Түркістан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін жалғыз өңірі. Мұнда жыл сайын 100 мың гектар жерге мақта егіледі және 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Мақта шаруашылығын дамыту және өңдеу мақсатында 2027 жылға дейін тоғыз мақта кластері құрылмақ. Бұл шаралар өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға, мақта бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және заманауи технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыруға бағытталған. 2023 жылы “Cotton Мақта” ЖШС мақта өңдеу зауыты іске қосылып, 40 мың тонна шитті мақта қабылдады.
 Жалпы, бұл жобалар Түркістан облысының ауыл шаруашылығын дамытып, өңір экономикасына қосымша серпін береді деп күтілуде. 
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать