Шымкентте анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды
Шымкентте анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды
Шымкент қаласында зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмысқа күдікті ретінде марқұмның туған ұлы ұсталды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға 12 қаңтарға қараған түні жеке тұрғын үй аумағында болған. Полицияға өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй ішінен өлім белгілері бар әйелдің денесі табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел зорлық-зомбылықпен өлтірілген, кейін өрт шығарылған.
Тергеу барысында күдікті ретінде марқұмның ұлы анықталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың нақты себептері мен мән-жайлары анықталуда. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек берілетін болады.
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Тілші: Түймебай Аяжан Лениншілқызы
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
03 Желтоқсан 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Түркістандық полицейлер трассада жолаушыдан 2 келі есірткі тәркіледі: Қылмыстық іс қозғалды
05 Қантар 2025, Жексенбі
Шымкентте жол көлік оқиғасы: қауіпті жүргізуші қашып кетіп, полиция қызметкерін басып өтті
Комментарии (0)



