Шымкентте бес жаңа өрт сөндіру бекеті салынады, ескілері жөнделеді
Шымкентте бес жаңа өрт сөндіру бекеті салынады, ескілері жөнделеді
Шымкентте биыл бес жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы басталады. Бұл үшін Елтай, Жаңа талап, Таскен тұрғын алаптары мен Сәуле, Бозарық шағын аудандарынан жер телімдері бөлініп, мердігерлер таңдалған. Тендер талаптарына сәйкес, модульді бекеттер жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Қалаға жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен кездесіп, олардың жұмыс жағдайымен танысты. Кездесу барысында өрт сөндіру депосының материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесі көтерілді. Сала мамандары 1971 және 1986 жылдары салынған ескі өрт сөндіру бөлімдерін күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін айтып, қолдау сұрады. Сонымен қатар, гарнизонға тиесілі техникаларды жаңарту және толықтыру қажеттігі атап өтілді.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Бекзат Қамбаровтың айтуынша, қазіргі уақытта қала гарнизонында 99 өрт сөндіру техникасы бар. Нормативтерге сәйкес, тағы 30-35 техника жетіспейді. Депутат Ажар Сағандықова бұл мәселелердің шешімін табу үшін тиісті органдармен жұмыс жасауға уәде берді. Ол сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша жетіспей отырған өрт сөндіру бөлімдерін қаржыландыру мәселесіне назар аударатынын айтты. Жаңа бекеттердің салынуы және ескілерінің жөнделуі өрт қауіпсіздігін арттырып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп күтілуде.
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Тілші: Жүрсінбай Аружан Сабырқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
13 Қантар 2025, Дүйсенбі
Өрт сөндіру қызметі тиімді жұмыс істеуі үшін қосымша бекеттер құру қажет – депутат
30 Қырқүйек 2023, Сенбі
ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНДЕГІ ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ
Комментарии (0)