6) Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы ислам институты ашылады
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы ислам институты ашылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында Оңтүстік аймақтағы имамдардың білімін жетілдіру мақсатында Түркістан қаласынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Ислам институты ашылатынын мәлімдеді. Бас мүфти бұл бастаманың еліміздегі діни білім мен біліктілікті арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, имамдардың кәсіби деңгейін көтеру – заманауи талаптардың бірі. Астана қаласында ашылған Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының тәжірибесімен шетелден білікті ұстаздар мен ғалымдар шақыртылып, бірінші түлектеріне диплом табысталып, олар діни қызметтерге тағайындалады. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Ислам институтының ашылуы – оңтүстік аймақтағы имамдардың білімін шыңдауға жаңа серпін береді деп күтілуде. Сонымен қатар, оқу ордасы жанынан “Ижаза” беру орталығы да жұмыс істей бастайды. Бұл шаралар имамдардың терең діни білім алуына және жауапты діни қызметтерге жоғары деңгейде дайындалуына ықпал ететін болады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)







