9) Түркістан облысындағы су нысандарында қауіпсіздік күшейтілді
Түркістан облысындағы су нысандарында қауіпсіздік күшейтілді
Түркістан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары талқыланып, нақты міндеттер қойылды. Жұмыстар аясында 68,2 шақырым қашыртқы арна механикалық тазалаудан өтіп, бірнеше аудандарда каналдар мен арықтар тазартылды. Мысалы, Сарыағаш қаласында 350 метр канал бетондалып, Сайрам ауданында Арыс өзенінде 500 метр арна түзетілді.
Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. 2024-2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар жоспарында 461 шақырым арық, 165 канал және 30 шақырым дюбинг-өткелдер тазаланып, жалпы 263 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, 109 мың қап, 1416 тонна инертті материалдар дайындалған. Облыстағы 42 су қоймасының толу деңгейі 33%-ды құрайды, ал «Шардара» су қоймасында су көлемі 86%-ға жетті.
Түркістан облысының әкімдігі осы жұмыстарды қатаң бақылауға алып, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша қажетті шаралар мен дайындықтарды жалғастыруда.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)





