Келес ауданындағы жол жөндеу жұмыстары – инфрақұрылымдық серпін және өмір сапасын арттыру қадамы
Түркістан облысы тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуда жол инфрақұрылымының орны ерекше. Осы орайда Келес ауданында 2025 жылы 33,8 шақырым жол жөндеу жоспарланғаны – тұрғындар үшін айтарлықтай жағымды жаңалық. Ауданның шалғай ауылдары мен елді мекендеріндегі ішкі көшелерді жаңарту, асфальттау және жол сапасын жақсарту бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл шаралар – тек жол салу емес, әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбегейлі жақсартуға бағытталған нақты қадам.Жоспарланған жұмыстардың аясында қазіргі таңда Қошқарата ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекеніндегі Ш.Тұрсынбаев көшесінің 2,6 шақырымына асфальт төселіп жатыр. Бұл жұмыстарды «Сарыағаш Сәулет» ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ, осы округтің Алғабас, Жаңақоныс және Қарабура елді мекендерінде жалпы ұзындығы 11 шақырым болатын төрт ішкі көшегешағал тас төселіп, асфальт салуға дайындық жасалуда.
Жол сапасына ерекше көңіл бөлініп отыр. Жұмыстарды «СК Құрылыс инжиниринг» пен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» техникалық бақылаудан өткізуде. Бұл – бұрынғы жылдармен салыстырғанда маңызды ілгерілеу. Мәселен, 2019-2021 жылдар аралығында кейбір ауылдарда жол салу барысында техникалық талаптардың бұзылуыорын алған еді. Ал бүгінде техникалық қадағалау жүйесі жолдардың ұзақ мерзімді сапасын қамтамасыз етуге ықпал етуде.
Келес ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1172 шақырымдықұрайды. Өткен жылы 18 көше жөндеуден өткен, соның ішінде 2 көше аудандық бюджеттен, 16 көше «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаржыландырылған. Осы жұмыстың нәтижесінде аудан жолдарының 61 пайызы жақсы немесе қанағаттанарлық деңгейге жеткен.
Ал биыл дәл осы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында тағы 21 көшеде жөндеу жұмыстарыбасталмақ. Мысалы, Ошақты ауылдық округіндегі Қоңыртөбе және Береке елді мекендеріндегі төрт көше, Жүзімдік ауылдық округіндегі он бір көше – бәрі бірге 17,7 шақырым жолды қамтиды. Бұл жұмыстар аяқталған соң аудан бойынша жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 65 пайыздан асады.
Айта кетерлік жайт – Абай ауылындағынегізгі көшелер де назардан тыс қалмады. Мұнда Жамбыл, Асан Қайғы, Б.Қырғызалиев, Төле би, Ә.Жылқышиев гүлзары мен Т.Рысқұлов көшесінің батыс бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл көшелер – ауылдың тіршілік орталығы, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысы ең көп түсетін орындар. Сондықтан олардың жаңартылуы – тұрғындардың күнделікті өміріне оң әсер етеді.
Бұған дейін Келес ауданында жол мәселесі ауыл тұрғындары арасында жиі көтерілетін еді. Әсіресе 2017-2019 жылдары тек аудан орталығына жақын орналасқан елді мекендерге ғана басымдық берілген болатын. Мысалы, 2018 жылы небәрі 12 шақырым жол жөнделіп, оның басым бөлігі орталық көшелерге бағытталған. Ал шалғай ауылдар, шағын елді мекендер сапасыз жолдан көп зардап шекті.
2020 жылдан бастап аймақтық теңгерімді дамытуға назар аударылып, инклюзивті инфрақұрылым саясатыжүргізіле бастады. Бұл тұрғыда 2021 жылы басталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеуге нақты басымдық берілді. Осы арқылы ауыл мен қала арасындағы инфрақұрылым алшақтығын қысқартукөзделді.
Салыстыра қарағанда, бүгінгі жұмыстардың ауқымы әлдеқайда кең, техникалық бақылауы қатаң, сапасы жоғары. Бұрын жаяу жолақтар мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі ескерілмеген болса, қазіргі жобаларда бұл міндетті түрде қарастырылуда. Сонымен қатар жол құрылысы жобаларының әлеуметтік-экономикалық әсері– ауыл жастарына жұмыс орындарының ашылуы, көлік қатынасының жеңілдеуі, жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметтерінің уақытылы жетуі сияқты факторлар да толық қамтылған.
Келес ауданындағы жол жөндеу жұмыстары – жай ғана құрылыс емес, ол әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, ауыл тұрғындарының өмір сапасын көтеру, болашаққа деген сенімді арттыружолындағы нақты іс. Жолдың жақсаруы – ауылдағы тіршіліктің жандануы. Қаламен байланыс күшейіп, сауда, көлік, білім, медицина сынды қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артатын болады.
Мұндай жобалар тек бір ауданның емес, жалпы өңірлік даму саясатының табысты жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Келес ауданындағы бастама – бүкіл Түркістан облысының инфрақұрылымдық жаңғыруының айқын көрінісі.
Тілші Тогжан Габидинова
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
03 Желтоқсан 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
28 Маусым 2025, Сенбі
Түлкібас ауданындағы жол жөндеуі: “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасының жүйелі жалғасы
30 Қантар 2025, Бейсенбі
3) Түркістан облысында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 1 103,3 шақырым жол мен көшелер қамтылады
14 Қантар 2025, Сейсенбі
Сайрамда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 45 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді
Комментарии (0)


