Байланысқа арналған телефондар:
» » ЖӘРМЕҢКЕ: 60-ТАН АСА ТҰРҒЫНҒА ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

ЖӘРМЕҢКЕ: 60-ТАН АСА ТҰРҒЫНҒА ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

21 Тамыз 2025, Бейсенбі
1 688
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына орай Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынысымен және «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бүгін іс-шара Абай ауданындағы Дендросаябақта өтті.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – тұрғындарға жұмыспен қамтудың мемлекеттік белсенді шаралары жөнінде кеңінен ақпарат беру, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату.

Іс-шарада мемлекеттік бағдарламалар таныстырылып, түрлі саладағы 20-ға жуық мекеме жүздеген бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен бірге өңіраралық қоныс аудару бағдарламасы түсіндіріліп, Павлодар облысынан келген делегаттар сол өңірдегі бос жұмыс орындарын таныстырды.

Жәрмеңке қорытындысында 80-нен астам азаматқа ақпараттық буклеттер таратылды. 38 тұрғынға «Enbek.kz» электронды еңбек биржасы орнатылып, онлайн оқу мен тіркелу жолдары көрсетілді. 40-тан астам азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, олардың 36-сы тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ 7 азамат жастар практикасына, 4 азамат қоғамдық жұмысқа жолданды, 14 азамат қысқа мерзімді оқуға жіберілді.

Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жөніндегі ақпараттар әлеуметтік желілер арқылы да тұрақты түрде насихатталуда.

Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать