ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Бүгін қалалық Достық үйінде қоршаған ортаны қорғау және тұрақты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дармарка» және «ЭкоКүн» атты экологиялық жәрмеңке ұйымдастырылды.Аталған шара - Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдауға бағытталды.
«Дармарка» – тұтыну мәдениетін өзгертуге бағытталған әлеуметтік бастама. Жәрмеңкеге қатысушылар өз үйлеріндегі жақсы күйдегі, бірақ өздеріне қажетсіз заттарды әкеліп, басқалармен тегін алмасты. Шара аясында таза және ұқыпты киімдер, кітаптар, балалар ойыншықтары және тұрмыстық заттар қабылданды. Мұндай бастама артық заттарды кәдеге жарату арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
«ЭкоКүн» – қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдау акциясы. Қала тұрғындары пластик (ПЭТ бөтелкелер), шыны, қағаз, картон және алюминий банкаларды өткізуге мүмкіндік алды. Бұл акция – тұрғындарды қалдықтарды сұрыптауға үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға «New Wave» жастар қозғалысы, Шымкент қаласындағы «Неміс» мәдени орталығы, «Екінші өмір» үйсіз жануарларға көмек көрсететін қайырымдылық қоры, «Добряки Шымкента» және «28 ілмек» әлеуметтік бастамасы қатысты.
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
#ҚХА30жыл #30летАНК #шымкент #shymkent
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
03 Желтоқсан 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
13 Қантар 2025, Дүйсенбі
4) Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
27 Желтоқсан 2024, Жұма
#Жыл_қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
07 Шілде 2024, Жексенбі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ИГІ ІСКЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ
Комментарии (0)



