ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЗАУЫТ САЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласында түзету мекемелеріндегі жазасын өтеуші азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне арналған кеңес өтті. Іс-шараға қаланың бірқатар кәсіпкерлері мен бизнес өкілдері қатысты.Кездесу барысында кәсіпкерлерге түзету мекемелерінің аумағында өндірістік зауыттар мен цехтар ашу бойынша нақты мүмкіндіктер мен қолдау тетіктері түсіндірілді. Атап айтқанда, дайын инфрақұрылымның бар екені, 500-ден астам жұмыс күшінің қолжетімділігі, салықтық жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Кәсіпкерлер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар беріліп, әріптестік орнатудың тиімді жолдары қарастырылды. Бұл бастама түзету мекемелеріндегі азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін маңызды бағыт ретінде бағаланып отыр.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар бизнес құрылымдары тарапынан ынтымақтастыққа қызығушылық танытылып, тиісті ұсыныстар қаралуда.
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
29 Қантар 2025, Сәрсенбі
Шымкентте металл өңдеу және құрылыс саласының кәсіпкерлері ірі өндірушілермен байланыс орнатуда
16 Қантар 2025, Бейсенбі
6) ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ: Шымкентте қоғамдық қабылдау өтті
Комментарии (0)




