6) ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ: Шымкентте қоғамдық қабылдау өтті
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ: Шымкентте қоғамдық қабылдау өтті
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мен сала өкілдері қатысып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында азаматтар тарапынан көтеріген негізгі сұрақтар жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін үкіметтік емес ұйымдарды лицензиялау, мүгедектігі бар балаларға оңалту және қолдау көрсету, атаулы әлеуметтік көмек алу, зейнеткерлерге шипажайлардан жолдама беру сияқты мәселелер болды.
Әлеуметтік сала өкілдері әрбір өтінішті мұқият қарап, заң аясында шешім қабылданатынын атап өтті. Қабылдауда бірқатар сұрақтарға түсіндірмелер беріліп, нақты шешу жолдары ұсынылды. Қала тұрғындары мұндай қабылдаулардың маңызды екенін айтып, олар проблемаларды жедел анықтап, қажетті көмек алу мүмкіндігін арттыратынын атап өтті.
Бұл қоғамдық қабылдау қала әкімдігінің халыққа жақындығын, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)