ТЕМІР ЖОЛ САЛАСЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ
Темір жол мемлекеттің күретамыры. Бұл саланың тыныс-тіршілігі мыңдаған теміржолшылардың ерен еңбегінің нәтижесінде жүзеге асып келеді. Солардың бірі — өз ісіне адал, көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан Расимов Жандос Ерментайұлы.Жандос Ерментайұлы 1967 жылдың 11 қаңтарында дүниеге келген. Ол темір жол саласына 33 жылын арнаған білікті маман. Еңбек жолын Ташкент станциясында қарапайым жол шебері лауазымынан бастаған. Содан бері үздіксіз ізденіс пен адал еңбек арқылы ол бұл салада үлкен тәжірибе жинақтап, әріптестері арасында беделге ие болды.
Бүгінгі таңда Жандос Ерментайұлы Сарыағаш станциясында парк бойынша кезекші қызметін атқарып келеді. Бұл үлкен жауапкершілікті, қырағылықты талап ететін қызмет. Көп жылдық тәжірибесі мен саланы терең меңгерген кәсіби біліктілігінің арқасында ол өз жұмысына тыңғылықты қарап, темір жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етіп жүр.
Мұндай мамандар ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген нағыз еңбек майталмандары. Жандос Ерментайұлы сияқты теміржолшылардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






