Байланысқа арналған телефондар:
» Еңбекші аудандық полиция басқармасы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, қауіпсіздікке шақырды

Еңбекші аудандық полиция басқармасы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, қауіпсіздікке шақырды

03 Қырқүйек 2025, Сәрсенбі
1 698
0

Еңбекші аудандық полиция басқармасы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, қауіпсіздікке шақырды

2 тамыз 2025 жыл Шымкент қаласының Еңбекші ауданында ерекше маңызы бар кездесу өтті. Білім күні қарсаңында Еңбекші аудандық полиция басқармасының бастығы Жандос Бейсенов пен басқарманың қызметкерлері мектеп оқушыларымен жүздесіп, оларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы тілектерін жеткізді.

Жандос Бейсенов өз сөзінде оқушыларға:
“Жаңа оқу жылы – жаңа бастама. Бұл кезең сіздер үшін тек білім алу емес, сонымен бірге тәртіпке, жауапкершілікке, қауіпсіздікке үйренетін уақыт. Сіздердің әрқайсыларыңыздың амандығы біз үшін маңызды”, – деп атап өтті.

Ол балаларға табысты оқу, денсаулық пен өз армандарына жету жолында қажырлы еңбек тіледі.

Кездесу барысында полицейлер оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін түсіндірді.
 Балаларға мынадай ескертулер жасалды:

  • Жолдан тек жаяу жүргінші өткелі арқылы өту;
  • Бағдаршамның жасыл шамы жанбайынша көшені қиып өтпеу;
  • Жолда абай болу, телефонға немесе құлаққапқа алаңдамау;
  • Қоғамдық көлікке мінгенде тәртіп сақтау.

Полицейлер атап өткендей, жолдағы қарапайым сақтық ережелерін орындау – балалардың өмірін аман сақтап қалудың ең сенімді жолы.

Тек көшеде ғана емес, үйде де қауіпсіздікке мұқият болу керектігі сөз болды. Полицейлер оқушыларға:

  • Бейтаныс адамдарға есік ашпау;
  • Электр құралдарын абайлап пайдалану;
  • От пен өткір заттардан сақтану қажеттігін еске салды.

Әсіресе, ата-аналар үйде болмаған кезде балалардың қырағы болуы аса маңызды екені айтылды.

Қазіргі таңда жасөспірімдер үшін ең үлкен қауіптің бірі – интернеттегі қауіпсіздік мәселелері.

Оқушыларға мынадай кеңестер берілді:

  • Жеке деректерді (телефон нөмірі, мекенжай, құпия сөздер) жарияламау;
  • Бейтаныс аккаунттардан немесе күмәнді сілтемелерден сақтану;
  • Онлайн алаяқтарға сенбеу;
  • Әлеуметтік желілерде әдептілік сақтап, кибербуллингке жол бермеу.

Полицейлер балаларға егер интернетте күмәнді жағдайлар орын алса, міндетті түрде ата-аналарына немесе мұғалімдеріне айту қажеттігін ескертті.

Кездесу барысында ерекше тоқталған тақырыптардың бірі – буллинг. Мектептерде кейде кездесетін бұл жағымсыз құбылыстың алдын алу маңызды екендігі айтылды.

Жандос Бейсенов балаларға:
“Егер сіз немесе сыныптасыңыз қысымға, мазақтауға, қорлауға тап болса, үнсіз қалмаңыз. Міндетті түрде мұғалімдерге, ата-аналарға немесе полицияға хабарлаңыз. Бір-біріңізге қамқор болыңыздар. Жақсы орта қалыптастыру әр оқушының міндеті”, – деп кеңес берді.

Бұл кездесу оқушылардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға бағытталған. Ашық әңгіме барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, полицейлерден нақты жауаптар алды.

Мұндай іс-шаралар мектеп пен полиция арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Еңбекші аудандық полиция басқармасының бастығы Жандос Бейсенов сөзінің қорытындысында:
“Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр баланың амандығының кепілі. Тек қауіпсіз ортада ғана табысты оқу мүмкін болады. Біз сіздердің жан-жақты дамыған, білімді әрі тәртіпті азамат болып өскендеріңізді қалаймыз”, – деді.

Бұл кездесу оқушылар үшін ерекше тәрбие сабағына айналды. Балалар тек жылы лебіздер естіп қана қоймай, өмірде аса маңызды болатын қауіпсіздік дағдыларын да меңгерді.

Еңбекші аудандық полиция басқармасының бастамасы – балалардың құқықтық санасын нығайтып, олардың өмірін қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать