Байланысқа арналған телефондар:
» 149 «Келешек» мектебінде ұл балалармен арнайы жиналыс өтті

149 «Келешек» мектебінде ұл балалармен арнайы жиналыс өтті

03 Қырқүйек 2025, Сәрсенбі
1 697
0

149 «Келешек» мектебінде ұл балалармен арнайы жиналыс өтті

2 тамыз 2025 жыл күні 149 «Келешек» жалпы орта мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңында ұл балаларға арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында тәртіп пен мәдениеттілікті нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Кездесуге мектеп басшылығы мен арнайы мамандар қатысты:

  • ДТІЖО Г.К. Искакова,
  • ДТІЖО Зұлпықаров Н.,
  • АӘД пәнінің мұғалімі,
  • мектеп психологтары Исабекова А., Орын А.,
  • аға тәлімгер Егізбек А.,
  • сондай-ақ Абай аудандық полиция бөлімінің маманы Абрар Журабеков.

Олардың әрқайсысы өз саласына қатысты ойларын ортаға салып, оқушыларға өмірлік маңызды кеңестер берді.

Алдымен мектептің ішкі тәртіп ережелері кеңінен түсіндірілді. Ұл балаларға сабаққа уақытында қатысу, мектеп формасын таза ұстау, мұғалімдер мен сыныптастарына құрметпен қарау қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарау, қоғамдық орындардағы әдеп нормаларын сақтау мәселелері де айтылды.

ДТІЖО Г.К. Искакова тәртіп – табыстың кепілі екенін атап өтті:
«Мектеп ережесі сіздердің жеке жауапкершіліктеріңізді қалыптастырады. Бұл талаптарды орындау – сіздердің ертеңгі азаматтық болмыстарыңыздың айнасы», – деді ол.

Жасөспірімдер арасында әдеп сақтау мәселесі кеңінен талқыланды. Мектеп психологтары Исабекова А. мен Орын А. оқушыларға бір-біріне құрметпен қараудың, тіл мәдениетін сақтаудың маңызын түсіндірді. Қарым-қатынаста дөрекі сөз қолданбау, жанжалға жол бермеу, достықты бағалау – әрбір оқушының басты қағидасы болуы тиіс екендігі айтылды.

Аға тәлімгер Егізбек А. оқушыларға:
«Әр сынып – үлкен отбасы. Бір-бірлеріңізді қолдау арқылы ғана шынайы достық пен сыйластық орнайды», – деп, ынтымақтастыққа шақырды.

АӘД пәнінің мұғалімі жасөспірімдерге зиянды әдеттердің зардаптарын түсіндірді. Темекі тарту, ішімдік ішу немесе өзге де теріс әрекеттердің болашақ денсаулыққа, оқу үлгеріміне және қоғамдағы орнына тигізетін кері әсерлері нақты мысалдармен жеткізілді.

Оқушыларға спортпен айналысу, денсаулықты күту, дұрыс тамақтану және бос уақытты тиімді пайдалану жөнінде кеңестер берілді.

Кездесудің ерекше бөлігі – Абай аудандық полиция бөлімінің маманы Абрар Журабековтың сөз сөйлеуі болды. Ол жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде маңызды деректер келтіріп, заңды бұзған жағдайда туындайтын жауапкершілікті түсіндірді.

«Әрбір жасөспірім – ертеңгі елдің болашағы. Сіздердің әр қадамдарыңыз заңға сай болуы тиіс. Заңды білу – өзіңізді және өзгелерді қорғаудың кепілі», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар интернеттегі қауіпсіздік, бөтен мүлікке қол сұқпау, қоғамдық тәртіпті сақтау тақырыптары да қозғалды.

Жиын барысында ұл балаларға ер азамат ретінде қоғамдағы рөлі мен болашақ алдындағы жауапкершілігі туралы бағыт-бағдар берілді. Ұлдар – ертеңгі әке, қорғаушы, Отанға қызмет ететін азаматтар. Сондықтан олар өз мінез-құлқында батылдықты, адалдықты, еңбексүйгіштікті қалыптастыруы қажет екендігі айтылды.

ДТІЖО Зұлпықаров Н. оқушыларға:
«Нағыз ер азаматтың басты қасиеті – жауапкершілік. Отбасыңа, мектебіңе, қоғамға адал бола білсеңдер, болашақтарың жарқын болады», – деп атап өтті.

Жиналыс соңында барлық қатысушылар оқушыларға жаңа оқу жылында табыс тілеп, әрқайсысын тәртіпті, білімді әрі салауатты өмір салтын ұстанатын азамат болуға шақырды.

Бұл кездесу ұл балаларға үлкен мотивация беріп қана қоймай, олардың бойында азаматтық жауапкершілікті арттырып, мектеп пен қоғам алдындағы міндеттерін айқындай түсті.
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ 04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать