9) Шымкентте сапасыз салынған 1,4 млн теңгенің жол жабыны қайта төселді
Шымкентте сапасыз салынған 1,4 млн теңгенің жол жабыны қайта төселді
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте өткен жылы жүргізілген 227 шақырымдық жол жөндеу жұмыстары барысында 843 рет сараптама жүргізіліп, 228 ақау мен кемшілік анықталды. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының тексерісі нәтижесінде 1494 жол-құрылыс материалының ішінен 621 сынама нормативтік талаптарға сай болмай шықты. Бұл сәйкессіздіктер мердігерлер мен техникалық қадағалау мекемелеріне хабарланып, ақаулар түзетілді.
Мәселен, 1,4 миллион теңге құрайтын сапасыз жол жабыны қайта төселді. Сондай-ақ, жол-құрылыс материалдарының сапасыздығына байланысты бір техникалық қадағалаушыға айыппұл салынды. Бұдан басқа, мердігерлерге қатысты шаралар қабылданып, сапасыз жұмыс үшін қаржылық шығындар өтелді.
Жалпы, өткен жылы Шымкентте жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 75 пайызға жетті. Алайда, мұндай кемшіліктер қаладағы жол құрылысын бақылаудың маңызды екенін көрсетіп отыр.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)