ШЫМКЕНТТЕ НЕМІС МӘДЕНИЕТІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

🔹Шымкент қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және «Возрождение» неміс мәдени орталығының 35 жылдығына арналған мерекелік фестиваль өтті.
🔹Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мерейлі мерекеге жиналған көпшілікке ұлттық және классикалық ән-билер ұсынылды. Қала қонақтары неміс жастары клубының өнерін тамашалап, түрлі жанрдағы шығармаларды тыңдап, этностық мәдениеттің байлығына куә болды.
🔹Фестиваль барысында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы орынбасары Талғат Бисенбиев, қалалық ҚХА жанындағы шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Рамазан Матаев, сондай-ақ Төле би ауданының Құрметті азаматы, Ленгер қаласындағы немістер қоғамының негізін қалаушы Лидия Мехлик құттықтау сөз сөйлеп, шараның татулық пен достықты дәріптеудегі маңызына тоқталды.
🔹Мереке аясында қонақтарға неміс халқының тұрмыс-тіршілігі мен тарихи-мәдени мұрасын айшықтайтын қолөнер және кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен бірге, ұлттық тағамдар әзірленіп, қонақтар дәстүрлі дәмдерден ауыз тиді.
🔹Фестивальде неміс мәдени орталығының қоғам өміріне белсене араласып, этносаралық татулық пен келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды.
🔹Бұл мерейлі мереке – Қазақстандағы этностардың достығы мен ынтымақтастығының, мәдениеттер тоғысуының айқын айғағы болды.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
28 Қантар 2025, Сейсенбі
10) ТҮРКІСТАН: ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті
Комментарии (0)





