10) ТҮРКІСТАН: ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті
ТҮРКІСТАН: ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті
Түркістан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының отырысы өтті. Кездесудің мақсаты – толеранттылықты нығайту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау үшін БАҚ күш-жігерін біріктіру, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шараларды талқылау және ақпараттық жұмыстарды жетілдіру болды.
Жиынға қатысушылар алдымен «Достық үйі» ғимаратын аралап, ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты. Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық келісімді нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сөйлеген Ертай Алтаев БАҚ өкілдерінің мемлекеттік саясатты түсіндіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Алишер Сатвалдиев өз сөзінде журналистерге этика қағидаларын сақтауды, этносаралық мәселелерді жариялауда жауапкершілікті арттыруды ескертті.
Іс-шара аясында әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Шаңырақ» шығармашылық байқауының таныстырылымы өтті. Байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 2025 жылды «жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауға орай ұйымдастырылды. «Бауырлас» тақырыбында өтетін байқаудың жүлде қоры – 1 млн теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 25 қазан – Республика күніне орай марапатталады.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Похожие материалы:
18 Қантар 2025, Сенбі
1) Шымкент қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
18 Қантар 2025, Сенбі
1) Шымкент қаласында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Комментарии (0)