Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты
Жиынның күн тәртібінде екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы қонақжайлығы үшін Президент Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдіріп, сапарының басты мақсаты – қос халықтың достығын нығайтып, тату көршілік байланыстарын күшейту, сондай-ақ түрлі саладағы өзара тиімді ықпалдастықты дамыту екеніне назар аударды.
– Құрметті Шавкат Миромонович, Өзіңіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында еліңізде көптеген оң өзгеріс болып жатыр. Халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін маңызды бастамалар қолға алынды. Өзбекстан – біз үшін туыстас, ағайын ел, тату көрші әрі сенімді серіктес. Қос ел арасындағы достықтың тамыры терең, халықтарымыздың рухани құндылықтары ортақ деуге болады. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатыр, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ахуал аумалы-төкпелі кезеңде сан қырлы ықпалдастықтың даму қарқынын арттыру қажет екенін атап өтті.
Обсудить
Другие статьи:
ПОРУЧЕНИЕ ПРЕЗИДЕНТА: В ШЫМКЕНТЕ ДАН СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ СОВРЕМЕННОГО КОМПЛЕКСА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН ЗАМАНАУИ КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
28 Шілде 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)






