ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Шымкент университетінің шақыртылған сарапшы маман Ғалымжан Тұрдықұлов қатысты.
Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық әрі саяси жүйесінің берік тұғыры. Ол қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты реттеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының аясын айқындайтын негізгі құжат болып табылады.
Жаһандану үдерісі үдей түскен қазіргі кезеңде қоғам да үздіксіз өзгеріске ұшырап, жаңа талаптар қалыптасуда. Осы тұрғыдан алғанда, Жаңа Конституция демократиялық құндылықтарды нығайтуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіруге және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
Кездесу барысында спикерлер жаңа Конституцияның елдің орнықты дамуына және әділетті қоғам қалыптастыруына негіз болатынын атап өтті. Аталған бастамалардың негізінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар жатқандығы айтылды. Оның 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында саяси жүйені кешенді жаңғырту, жасанды интеллект дәуіріндегі басқару тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық дамуды қолдау мәселелері қамтылғаны тілге тиек етілді.
Жиын барысында №2 қалалық емхана ұжымына Конституцияның 70-тен астам бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені түсіндірілді. Негізгі жаңалықтардың қатарында Парламенттің құрылымына қатысты реформалар, Вице-Президент институтының енгізілуі, азаматтық және құқықтық кепілдіктердің кеңейтілуі мен нақтылануы бар екені айтылды. Сонымен қатар, Халық кеңесінің қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлін арттыру арқылы мемлекеттік билікке халықтың тікелей қатысу мүмкіндігі кеңейетіні атап өтілді.
Кездесуде қатысушылар Жаңа Конституцияның әлеуметтік бағдарын және оның азаматтардың күнделікті өміріне ықпалын жан-жақты талқылады. Ашық пікір алмасу барысында әлеуметтік әділеттілікті күшейту, қоғамдық қатысудың аясын кеңейту және мемлекеттік институттардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша медицина қызметкерлері жаңа Конституция жобасына қолдау білдіретіндерін жеткізді.
Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Шымкент университетінің шақыртылған сарапшы маман Ғалымжан Тұрдықұлов қатысты.Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық әрі саяси жүйесінің берік тұғыры. Ол қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты реттеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының аясын айқындайтын негізгі құжат болып табылады.
Жаһандану үдерісі үдей түскен қазіргі кезеңде қоғам да үздіксіз өзгеріске ұшырап, жаңа талаптар қалыптасуда. Осы тұрғыдан алғанда, Жаңа Конституция демократиялық құндылықтарды нығайтуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіруге және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
Кездесу барысында спикерлер жаңа Конституцияның елдің орнықты дамуына және әділетті қоғам қалыптастыруына негіз болатынын атап өтті. Аталған бастамалардың негізінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар жатқандығы айтылды. Оның 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында саяси жүйені кешенді жаңғырту, жасанды интеллект дәуіріндегі басқару тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық дамуды қолдау мәселелері қамтылғаны тілге тиек етілді.
Жиын барысында №2 қалалық емхана ұжымына Конституцияның 70-тен астам бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені түсіндірілді. Негізгі жаңалықтардың қатарында Парламенттің құрылымына қатысты реформалар, Вице-Президент институтының енгізілуі, азаматтық және құқықтық кепілдіктердің кеңейтілуі мен нақтылануы бар екені айтылды. Сонымен қатар, Халық кеңесінің қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлін арттыру арқылы мемлекеттік билікке халықтың тікелей қатысу мүмкіндігі кеңейетіні атап өтілді.
Кездесуде қатысушылар Жаңа Конституцияның әлеуметтік бағдарын және оның азаматтардың күнделікті өміріне ықпалын жан-жақты талқылады. Ашық пікір алмасу барысында әлеуметтік әділеттілікті күшейту, қоғамдық қатысудың аясын кеңейту және мемлекеттік институттардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша медицина қызметкерлері жаңа Конституция жобасына қолдау білдіретіндерін жеткізді.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қаласында спорттық гимнастикадан ашық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті
24 Ақпан 2026, Сейсенбі
КӨКБҰЛАҚТА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
24 Ақпан 2026, Сейсенбі
ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
24 Ақпан 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
18 Ақпан 2026, Сәрсенбі
TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығы: Конституциялық өзгерістерді түсіндіруге арналған жиын өтті
Комментарии (0)