Шымкент қаласында спорттық гимнастикадан ашық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті
Шымкент қаласында спорттық гимнастикадан ашық чемпионаттың ашылу рәсімі өтті
Шымкент қаласындағы спорттық гимнастика мектебінде спорттық гимнастикадан қаланың ашық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жарылқапұлы Жолдықараев қатысып, жарыстың ресми түрде басталғанын жариялады.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген басқарма басшысының міндетін атқарушы қатысушыларды жарыстың ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәтті өнер көрсетуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, мұндай жарыстар жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе жинақтауына және өзара тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Биылғы ашық чемпионатқа барлығы 194 спортшы қатысуда. Атап айтқанда, жарысқа Астана, Алматы, Павлодар қалаларынан, сондай-ақ Ташкент қаласынан келген спортшылар бақ сынауда.
Ашық чемпионат аясында қатысушылар түрлі бағдарламалар бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысқа түседі. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар арнайы марапатталады.
Аталған біріншілік өңірдегі спорттық гимнастиканың дамуына серпін беріп, жас спортшылардың жоғары жетістіктерге жетуіне жол ашады.
Шымкент қаласындағы спорттық гимнастика мектебінде спорттық гимнастикадан қаланың ашық чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды спорттық іс-шараға Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жарылқапұлы Жолдықараев қатысып, жарыстың ресми түрде басталғанын жариялады.Салтанатты жиында сөз сөйлеген басқарма басшысының міндетін атқарушы қатысушыларды жарыстың ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәтті өнер көрсетуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, мұндай жарыстар жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе жинақтауына және өзара тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Биылғы ашық чемпионатқа барлығы 194 спортшы қатысуда. Атап айтқанда, жарысқа Астана, Алматы, Павлодар қалаларынан, сондай-ақ Ташкент қаласынан келген спортшылар бақ сынауда.
Ашық чемпионат аясында қатысушылар түрлі бағдарламалар бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысқа түседі. Жарыс қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар арнайы марапатталады.
Аталған біріншілік өңірдегі спорттық гимнастиканың дамуына серпін беріп, жас спортшылардың жоғары жетістіктерге жетуіне жол ашады.
Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
Комментарии (0)






