ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Құрметті қазақстандықтар!
15 наурызда өтетін референдум қарсаңында барша азаматқа үндеу жасаймыз.
Мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесіп жатады. Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін.
Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.
Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз.
Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады.
Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады.
Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
Құрметті қазақстандықтар!15 наурызда өтетін референдум қарсаңында барша азаматқа үндеу жасаймыз.

Обсудить
Другие статьи:
Шымкенттің жүрегіндегі жаңару: Ы. Алтынсарин көшесі жаңа өмірге қадам басты
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шұбаркөл көшесінде жаңартылған жол: қала тұрғындары ұзақ күткен өзгеріске куә болды
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Шымкент жылу желілері тексерілді: қыс маусымына дайындық үстінде
11 Қырқүйек 2026, Жұма
Похожие материалы:
13 Наурыз 2026, Жұма
ТҮНГІ САҒАТ 00:00-ДЕН БАСТАП «ТЫНЫШТЫҚ КҮНІ» БАСТАЛАДЫ: ОРК РЕФЕРЕНДУМ АЛДЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН ЕСКЕ САЛДЫ
31 Қантар 2026, Сенбі
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралуын тіркеп отыр.
11 Қантар 2025, Сенбі
Шымкентте жалған құжат жасап, алаяқтықпен айналысқан күдікті іздестіріліп жатыр
Комментарии (0)