Шымкентте бизнес нысандарының бейнекамераларын полиция жүйесіне қосу мәселесі талқыланды
Шымкентте бизнес нысандарының бейнекамераларын полиция жүйесіне қосу мәселесі талқыланды
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласында Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында прокуратура, Полиция департаменті, «Қазақтелеком» АҚ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы – бизнес нысандарының бейнебақылау камераларын полицияның Жедел басқару орталығына қосуды көздейтін «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі болды.
Аталған жүйені енгізу құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге, оқиғаларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ бейнежазбалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұдан бөлек, жоба тәулік бойы жұмыс істейтін нысандардың қауіпсіздігін арттырып, азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге жүйенің техникалық мүмкіндіктері, қосылу шарттары және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі цифрлық шешімдердің артықшылықтары түсіндірілді.
Талқылау қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің пікірлерін ескере отырып, жобаны кезең-кезеңімен іске асыру және бейнебақылау жүйесінің қамту аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.
«ShymSafe360» жобасын іске асыру қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуды цифрлық технологиялар арқылы күшейтуге бағытталған.
Шымкент қаласының прокуратурасы
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласында Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында прокуратура, Полиция департаменті, «Қазақтелеком» АҚ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.Кездесудің негізгі тақырыбы – бизнес нысандарының бейнебақылау камераларын полицияның Жедел басқару орталығына қосуды көздейтін «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі болды.
Аталған жүйені енгізу құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге, оқиғаларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ бейнежазбалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұдан бөлек, жоба тәулік бойы жұмыс істейтін нысандардың қауіпсіздігін арттырып, азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге жүйенің техникалық мүмкіндіктері, қосылу шарттары және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі цифрлық шешімдердің артықшылықтары түсіндірілді.
Талқылау қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің пікірлерін ескере отырып, жобаны кезең-кезеңімен іске асыру және бейнебақылау жүйесінің қамту аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленді.
«ShymSafe360» жобасын іске асыру қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуды цифрлық технологиялар арқылы күшейтуге бағытталған.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкентте бизнес нысандарының бейнекамераларын полиция жүйесіне қосу мәселесі талқыланды
15 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
14 Сәуір 2026, Сейсенбі
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
14 Сәуір 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
19 Қараша 2025, Сәрсенбі
“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫН КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
29 Шілде 2025, Сейсенбі
Терроризмнің алдын алу – қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі: Шымкентте көлік инфрақұрылымы нысандарының басшыларымен кездесу өтті
10 Қантар 2025, Жұма
4) ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлер палатасында жекеменшік білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
28 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 18 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Комментарии (0)


