Шымкент қаласы төмен жалақы деңгейімен белгілі өңірлер қатарына кіреді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі есеп беру кездесуінде экономикалық көрсеткіштердің халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Шымкент қаласы төмен жалақы деңгейімен белгілі өңірлер қатарына кіреді. Алайда, жалақыны арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатыр. «Біз төмен жалақы алатын 15 мыңға жуық азаматтық қызметкердің жалақысын 50 мың теңгеге арттырдық. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелерде ең төменгі жалақы 140 мың теңгеден асты. Қазіргі уақытта қаланың орташа жалақы мөлшері 12,5%-ға өсіп, 304 мың теңгені құрады», – деді Ғ. Сыздықбеков. Мегаполис басшысы жұмыс орындарын құру және халықтың табысын тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қалада белсенді жұмыс істейтін азаматтар саны 468 мыңнан асты. Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл 45 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланған, оның ішінде 32 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30%-ға қысқарды, ал өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді.
Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болғандықтан, рубль бағамының құбылуы теңге бағамына әсер етеді, дейді Байбазаров. Премьер-министрдің орынбасары –ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров доллар бағамының көтерілуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz. Бүгін үкіметте доллардың қайта көтерілуіне қатысты арнайы брифинг өтті. Оған қатысқан ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров шетел валютасының күшеюіне себеп болған негізгі факторларды атады. "Ұлттық валютаның айырбас бағамын түзету іргелі сыртқы факторлардың әсерінен ғана туындайтын құбылыс екенін атап өткен жөн. Олардың ішінде негізгі үшеуін бөліп көрсетуге болады. Бірінші фактор – соңғы айларда доллар индексінің жаһандық нығаюы. кінші фактор – әлемдік мұнай бағасының төмендеуі. Ал соңғы маңызды фактор – Ресей рублінің әлсіреуі. Ресей біздің негізгі сауда серіктесіміз екенін ескерсек, рубль бағамының құбылуы теңге бағамына әсер етуі мүмкін", - дейді Байбазаров. Оның айтуынша, осындай жағдайда азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының нашарлауына жол бермеу және кәсіпкерлерге теріс әсерін азайту үкіметтің басты міндеті саналады. "Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру әрі барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданады. Бұл үшін үкіметте ресурстар мен құралдар жеткілікті", - деп түйіндеді министр. Айта кетері, өткен аптада доллар күрт көтерілді. Салдарынан ұлттық банкке интервенция жасауға тура келді. 16 қарашадан бері банк резервінен 1 млрд доллар бөлінді.
ШЫМКЕНТТЕ 225 ЕРЕКШЕ ЖАНҒА КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қарамағында жұмыс істейтін «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттің қамқорлығына алынған жандарға стационарлық жағдайда 8 бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталықта қазір таңда 225 мүгедектігі бар адам қызмет алуда. Оның 102-сі әйел, 123-і ер адамдар. Ерекше жандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өзіне күтім жасау, бет-қолын жуу, жеке заттарын тәртіпке келтіру қоғамға бейімдеу жолында психолог, дефектолог, мәдени ұйымдастырушы, еңбек нұсқаушылары, әлеуметтік қызметкерлер мен денешынықтыру мұғалімі секілді мамандардың еңбегі орасан. Орталықта тұрмыстық қызметтің барлық қажетті түрлері қамтамасыз етілген. Диеталық тамақтану ұсынылып, асхана қызметтері, төсек-орын жабдықтарын ауыстыру, кір жуу, кептіру және гигиеналық сипаттағы қызметтер де қаралған. Медициналық көмек көрсету орталықтың басты бағыттарының бірі. Қызмет алушыларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіліп, денсаулық жағдайына байланысты емдік-сауықтыру шаралары мен денешынықтыру жаттығулары ұйымдастырылады. Әлеуметтік еңбек қызметі бойынша ерекше жандар еңбек дағдыларын қалыптастыру, тұрмыстық дағдыларды қалпына келтіруге бағытталған шаралар ұйымдастырады. Бұл бағыт олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, орталықта мүгедектігі бар азаматтарға мәдени іс-шаралар мен бос уақытты тиімді өткізу үшін мерекелер, көрмелер мен концерттер ұйымдастырылады. Орталықтың ұсынған кешенді қызметтері мүгедектігі бар азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, олардың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған. Осылайша, Шымкенттегі әлеуметтік қызметтер жүйесі тек медициналық және тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырумен шектелмей, толыққанды әлеуметтік көмек көрсету арқылы азаматтардың өмірін сапалы етуге ықпал етеді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
Түркістан облысында 35748 әскери бөлімінің жеке құрамымен бақылау сабақтары өтуде: Әскери даярлықтың маңыздылығы артуда
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
10) 2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
9) ТҮРКІСТАН: Енді тұрғын үйді жекешелендіруге болады
15 Қантар 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
11 Желтоқсан 2024, Сәрсенбі
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков былтырдан қалған безендіру заттарына қосымша әр ауданға қала бюджетінен 16 млн теңге бөлінетінін айтты
12 Желтоқсан 2024, Бейсенбі
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәслихат сессиясында қала экономикасы мен инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.
12 Желтоқсан 2024, Бейсенбі
Шымкент қаласының экономикалық дамуы соңғы жылдары айтарлықтай серпін алды.
Комментарии (0)