ҚАЛА ӘКІМІ 40 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ҒИМАРАТ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Көрермен көзайымы болған театр репертуарында отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымдары сахналанып, қазіргі репертуарда 60-қа жуық қойылым жоспарланған. «Алтын қордағы» ертегілермен қатар, қазақстандық, шетелдік, жергілікті авторлардың шығармаларынан ересектерге арналған туындылар сахналанып келеді.
Дегенмен, театрдың бүгінгі түйінді мәселесі – өнер ұжымына берілген ғимараттың ескіріп, тозуы. Қала басшысымен кездесу барысында осы мәселе қозғалды. Мұрат Дүйсенбекұлы алдағы уақытта ғимарат мәселесін шешу жолы мен ұсыныстар әзірлеуді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысына тапсырды.
Другие статьи:
Түркістан облысында 4 жыл бойы жоғалған қыз анасымен қауышты
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте екі жас адам «Алаш» базары маңынан жоғалды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Шымкентте мобильдік топтың бақылауынан кейін 258 заң бұзушылық анықталды
30 Қантар 2025, Бейсенбі
Театр Қарағанды қаласында өткен «Куклияндия» халықаралық қуыршақ театрлары фестивальдеріне қатысып, үздік балалар қойылымы атты номинацияны жеңіп алды. Мұрат Дүйсенбекұлы өнер ұжымының басшылығы мен театр группасына шығармашылық шабыт пен өрлеу тіледі.
Тілші: Бахытжан Копбаев
Ақпарат көзі: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Обсудить
Похожие материалы:
Комментарии (0)