АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: МАҚСАТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Бүгін Шымкент қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті. Жастар – еліміздің басты стратегиялық ресурсы. Қазіргідей цифрлық дәуірде интеллектуалдық және шығармашылық әлеуеті жоғары, эрудициясы терең, креативті идеяларға ие жас буынның мемлекеттік қызметте білікті маман болып қалыптасуына үлкен мән берілуде.Болашақ мамандардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, әкімдіктің жұмысымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс шараға келген студенттерді қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Б.Асанбаев қарсы алды. Олар «Ashyq akimdik» форматында іске қосылған фронт-офиспен және қала әкімі аппаратындағы бірнеше бөлімнің жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, аппарат қызметшілері мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған еркін форматтағы дөңгелек үстелде мемлекеттік орган жүйесінің құрылымы мен мемлекеттік қызметке орналасу қағидалары түсіндірілді.
Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
*ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ…» ПОЭТИКАЛЫҚ ТОЛҒАУЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ*
29 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Шымкент қаласы, Абай ауданы аумағында орналасқан Білім беру ұйымдарында оқушылар мен
29 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Акция «Народный юрист» пройдет в Шымкенте 30 апреля
29 Сәуір 2026, Сәрсенбі
Похожие материалы:
20 Қараша 2023, Дүйсенбі
ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Комментарии (0)





