Байланысқа арналған телефондар:

ХАБАРЛАНДЫРУ!

27 август 2024, Вторник
13
0
Шымкент қаласының әкімдігі жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары білімді кадрларды даярлауға мемлекеттік білім грантына конкурс жариялайды.
Конкурс шеңберінде педагогикалық, ақпараттық коммуникация және технология, инженерлік, өңдеу, құрылыс, жол-көлік салаларына жалпы 285 грант бөлінді.

Конкурсты ұйымдастырушы - Шымкент қаласының білім басқармасы.
Талапкерлердің құжаттары 2024 жылдың 27 тамызында сағат 12.00-ден бастап 28 тамызда сағат 19.00-ге дейін қабылданады.

Құжаттар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде, Жұмабек Тәшенов атындағы университетте, академик Ә.Қуатбеков атындағы университетте қабылданады.

Конкурс қорытындысы 2024 жылдың 29 тамызында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында жарияланады.

Қажетті құжаттар тізімі:
- жалпы орта білім туралы құжат (түпнұсқа және көшірме);
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- ҰБТ сертификаты;
- көпбалалы және толық емес отбасы, мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

Ақпарат көзі : Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать