8) Шымкентте ҰҚКД-нің жаңа басшысы тағайындалды
Шымкентте ҰҚКД-нің жаңа басшысы тағайындалды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығымен Шымкент қаласы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы лауазымына генерал-майор Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев тағайындалды. Ол ҚР ҰҚК Академиясын бітіріп, 1997 жылдан бастап Ұлттық қауіпсіздік органдарында түрлі офицерлік және басшылық қызметтер атқарды. 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары және террорға қарсы қызмет бастығының міндетін атқарды.
Оның қызмет барысында көрсеткен еңбегі жоғары бағаланып, II дәрежелі «Айбын» орденімен, сондай-ақ басқа да ведомстволық медальдармен марапатталды. 2021 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағына ие болды. Сонымен қатар, ол ҚР ҰҚК құрметті қызметкері атағына да ие.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы
Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық мәслихат төрағасы және Конституциялық комиссия мүшесі Бахадыр Нарымбетов референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Жалпыұлттық референдум барысында AMANAT партиясының
15 Наурыз 2026, Жексенбі
15 НАУРЫЗ – РЕФЕРЕНДУМ: ЭКОБЕК ПЕН ЭКОНАЙ ӨЗ ДАУЫСТАРЫН БЕРДІ
15 Наурыз 2026, Жексенбі
Похожие материалы:
20 Қараша 2023, Дүйсенбі
ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
06 Қырқүйек 2023, Сәрсенбі
ҒАБИТ ӘБДІМАЖИТҰЛЫ СЫЗДЫҚБЕКОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Комментарии (0)




