Шымкент. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері құрған қауымдастықтар, азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері кіреді.
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері құрған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері кіреді. Бұл қауымдастықтар азаматтардың өзара байланысын күшейтіп, олардың саяси, мәдени және әлеуметтік белсенділігін арттырады.
Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Оларды мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғайды, бұл адамның жалпы құқықтарының бұзылмай, сақталуына кепілдік береді. Азаматтық қоғам материалдық және мәдени тұрғыда жоғары дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады.
Құқықтық мемлекет – бұл демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында барлық азаматтар тең саналатын және жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Заң үстемдігінің мызғымастығы ел Конституциясында бекітілген және ол басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіріп, оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шектеулер қойылып, өзара бақылау жүйесі қамтамасыз етіледі.
Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндет – құқықтық мәдениеті жоғары, заңды құрметтейтін, гуманизм мен әділеттілік қағидаттарына негізделген құқықтық және азаматтық қоғам құру. Бұл мақсат халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениеті, әлеуметтік және зияткерлік даму деңгейі жоғары болған кезде ғана жүзеге асады. Адамдар өз таңдауын еркін қабылдап, өз әрекеттері үшін дербес жауап бере алатындай болуы керек. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі тәуелсіз, әділетті және құрметті сот билігі орныққан кезде ғана мүмкін болады.
Осыған байланысты, қазақстандық азаматтық қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруда сот жүйесі маңызды рөл атқарады. Әділ және тәуелсіз соттар азаматтардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, құқықтық тәртіпті сақтауға және заңның үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бұл құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы негізгі элементтердің бірі.
Құқық теориясындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениет дегеніміз не? Құқықтық сана – бұл адамдардың мемлекет тарапынан қабылданған заңдарға және құқықтық нормаларға деген қатынасын білдіретін идеялар жиынтығы. Құқықтық сана екі негізгі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология. Құқықтық психологияның мазмұны – адамдарда қолданыстағы құқықтық нормаларға және оларды қолдану тәжірибесіне байланысты пайда болатын сезімдер, эмоциялар, тәжірибелер, көңіл-күйлер, әдеттер мен стереотиптер. Ал құқықтық идеология – құқықтық шындықты концептуалды, жүйеленген түрде көрсететін және бағалайтын құқықтық идеялар, теориялар мен көзқарастардың жиынтығы.
Құқықтық сана – бұл қоғамдағы құқықтық мәдениеттің дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін сақтауына, сонымен қатар заңды құрметтеуіне негізделеді. Қазақстанда құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыруда азаматтарды құқықтық сауаттандыру, заңдарды түсіндіру және құқықтық тәртіпті сақтау бағытында кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Құқықтық мәдениет деңгейі жоғары болған сайын, қоғамдағы тәртіп пен әділеттілік те нығая түседі. Сондықтан құқықтық мемлекет орнату үшін азаматтардың құқықтық мәдениеті мен санасын арттыру басты міндет болып табылады. Құқықтық сана халықтың заңдарды түсініп, оларға бағынуын, өз құқықтары мен міндеттерін толық білетінін білдіреді. Сонымен қатар, құқықтық мәдениет – азаматтардың заңдарды сақтауы, оларды құрметтеуі және заңға сәйкес әрекет етуі болып табылады.
Қазақстандағы құқықтық мәдениетті дамыту үшін құқықтық жүйенің тұрақты жұмыс істеуі, сот билігінің тәуелсіздігі және әділеттілік қағидаттарына негізделген заңдардың орындалуы маңызды. Азаматтық қоғамның дамуы, құқықтық сана мен мәдениеттің жоғары деңгейі елдің демократиялық дамуының негізі болып табылады.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі
28 Қараша 2024, Бейсенбі
“БОЗАРЫҚ-3” ШАҒЫНАУДАНЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ
28 Қараша 2024, Бейсенбі
Шымкент. Алкоголь мен шылым шегу қазіргі қоғамның ең үлкен мәселелерінің бірі.
23 Қараша 2024, Сенбі
Похожие материалы:
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Тарихи деректердің негізі анықталған сонау тас дәуірінен бүгінге дейін адамзат мыңдаған жылдарды артқа тастап, бүгінгі өркениетті заманға жетті.
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі.
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғамның дамуы — бұл демократиялық мемлекеттің ажырамас бөлігі болып табылатын, азаматтардың, әлеуметтік топтардың және ұйымдардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін мемлекетпен және бір-бірімен өзара әрекеттесуі.
09 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Комментарии (0)