Шымкент. «Адамның күні – адаммен»
Қазіргі кезде отбасылық және гендерлік мәселелер ең өзекті тақырыптардың бірі болып саналады. Қоғамның барлық салаларында гендер түсінігі әйелдермен қатар ерлердің де тұлғалық ерекшеліктерін қорғауды көздейді. Алайда, ұлттық менталитетімізге байланысты бұл бағытта түрлі қарама-қайшылықтар кездеседі. Қазіргі уақытта көптеген отбасында түрлі жағдайлар туындап, ажырасу көрсеткіші жоғарылауда. Мұның себебі мен шешу жолдарына талдау жасау қажет.
Гендерлік түсінік және ұлттық ерекшеліктер
Көптеген адамдар бұл ұғымды әйелдердің билікке таласуы немесе әйел мәселесі ретінде қабылдайды. Әр халықтың өзіндік менталитеті болғандықтан, бізде де гендер түсінігі өзіндік ерекшеліктерге ие. Жалпы, гендер ер адам мен әйел адамның өзара қарым-қатынасын қамтиды. Қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары бойынша, ер адамды сыйлау, үлкендерді құрметтеу және қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан, қазақ қоғамындағы гендерлік мәселелер этногендерология негізінде қарастырылып, отбасылық құндылықтарды сақтауымыз қажет.
Құрмет және теңдік құндылықтары
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, қоғамдағы барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік қағидаттарын ұстануы тұрақты дамудың негізі болып табылады. Біздің мемлекетіміз үшін зайырлылық принципі идеологиялық негіз болып табылады және оның насихатталуы қоғам тұрақтылығына оң ықпал етеді. Ақпараттық-ағарту жұмыстарының мақсаты – зайырлылық пен дін мәселелерінде дұрыс әрі жүйелі көзқарас қалыптастыру. Дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілген қоғам өзіндік бағыт-бағдарын таңдай алады.
Құндылықтар және заңды құрметтеу
Біздің халықтың заңға құрметі, адам құқығын бағалауы ежелден қалыптасқан. Ұзақ ғасырлар бойы сақталған әдет-ғұрыптар, үлкенді құрметтеу, кішіге ілтипат таныту сияқты дәстүрлер қоғамда ерекше орын алды. Мемлекет басқаруда қазақтың билері мен қариялары айтқан нақыл сөздер Конституция баптары секілді елге бағыт берді. Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі» деп нақты жазылған.
Денсаулық пен қауіпсіздік
Қоғамдағы барлық азаматтар құрмет пен теңдік құндылықтарын ұстануға құқылы. Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әр адам өзінің және жақындарының өмірі мен денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарауы қажет. Ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің маңызды бөлігі. Осы тұста халқымыздың үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу сияқты асыл қасиеттерінің қоғамға пайдасы зор екені сөзсіз. «Адамның күні – адаммен» деп бабаларымыз бекер айтпаған.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
01 Қараша 2024, Жұма
Шымкент. Отбасылық және гендерлік мәселелер – қоғамдағы өзара тығыз байланысты әлеуметтік проблемалар.
14 Қазан 2024, Дүйсенбі
Шымкент. Отбасылық және гендерлік мәселелер қазіргі қоғамның маңызды тақырыптары болып табылады.
Комментарии (0)