Түркістан облысы: Алкогольдің қоғамға тигізер әсері
Арақтың қоғамға тигізер әсері көп қырлы және күрделі. Алкоголь – құрамында этанол бар психобелсенді зат, ол орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, адамның мінез-құлқын, ойлау қабілетін және дене қимылдарын өзгерте алады. Себебі, ол жеке денсаулыққа, әлеуметтік қатынастарға, экономикалық жағдайға және жалпы қоғамның даму деңгейіне ықпал етеді.
Арақты шамадан тыс тұтыну бауырдың зақымдануына (мысалы, цирроз), жүрек-қантамыр ауруларына, асқазан жарасына, ішкі органдардың қызметінің бұзылуына, сондай-ақ иммундық жүйенің әлсіреуіне алып келеді. Ұзақ уақыт арақ ішу психикалық денсаулыққа теріс әсер етеді. Мысалы, депрессия, үрей, агрессия, есте сақтау және ойлау қабілеттерінің нашарлауы байқалады. Сондай-ақ, алкоголизм (араққа тәуелділік) психикалық және физикалық тәуелділікті қалыптастырады.
Арақ ішу отбасындағы келіспеушіліктер мен зорлық-зомбылыққа әкеліп соғады. Араққұмар адамдардың жауапкершілігі төмендеп, балаларға теріс үлгі көрсетіп, отбасылық байланыстарды әлсіретуі әбден мүмкін.
Алкогольді ішкен адамдар жиі агрессивті болып, қоғамдық тәртіпті бұзуына септігін тигізеді. Бұл қылмыс деңгейінің артуына, ұрыс-керістер мен төбелестердің көбеюіне әкеледі.
Араққа байланысты ауруларды емдеу денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қаржылық шығындар жүктейді. Сондай-ақ, ауыр зардаптар жұмысқа жарамсыздыққа және еңбек өнімділігінің төмендеуіне себеп болады. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құқық қорғау органдарына, араққа қатысты қылмыстарды тергеуге және алдын алу шараларына қосымша қаражат қажет.
Арақтың зиянды әсері туралы жеткілікті түсінік болмауы жастарды ерте жастан ішімдікке әуестенуге итермелеуі мүмкін, бұл олардың болашақ өміріне кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ арақ ішу адамдар арасындағы қарым-қатынасты бұзып, сенімділік пен сыйластықтың жоғалуына әкеледі. Бұл адамдардың жалғызсырап, оқшаулануына себеп болуы мүмкін. Жүкті кезде алкоголь ішу балада туа біткен кемістіктерге, ақыл-ой және физикалық даму бұзылыстарына себебі болып табылады.
Жастар арасында арақтың зиянды әсері туралы ақпараттық науқандар өткізу, отбасыларға қолдау көрсету, білім беру мекемелерінде түсіндіру сабақтарын ұйымдастыру тиімді.
Ойымызды қорытындылайтын болсақ, алкогольдің зияны адамның жалпы денсаулығына және өмір сапасына кері әсер етеді. Ол тек ішімдікті қолданатын адамның өзіне ғана емес, оның отбасы мен қоғамға да айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан алкогольдің зиянды әсерін азайту үшін ақпараттандыру, алдын алу шаралары және қолдау көрсету өте маңызды.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
Комментарии (0)