Байланысқа арналған телефондар:
» » Шымкент. Азаматтарының көзқарасы мен пікірлеріне құлақ асатын билігі бар азаматтық қоғам – ең жақсы қоғам.

Шымкент. Азаматтарының көзқарасы мен пікірлеріне құлақ асатын билігі бар азаматтық қоғам – ең жақсы қоғам.

06 Қараша 2024, Сәрсенбі
23
0
Азаматтық қоғамның дамуы дегеніміз – әр азамат қоғамдағы өз орнын білет десем де еш қателеспеймін. Бұл заманда азаматтық қоғамның дамуы туралы қысқаша мәлімет беріп кететін болсам, жалпы, азаматтық қоғамның мықты болуы үшін, ата-ана баласына жастайынан жоғары азаматтық принциптерге сәйкес дұрыс тәрбие бергені жөн деп ойлаймын. Азаматтық қоғам мықты болса – мемлекет әрқашан да мықты. Егер билік мықты болып, азаматтық сезім төмен болса, бұл елдің болашағы бұлыңғыр болатын секілді. Тиісінше қайратты, жігерлі азаматтық қоғам қалыптастыру – азаматтық қауымдастықтың басты миссиясы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы айтып жүр: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастырып, азаматтық қоғамды дамытуға жол салынбақ. Енді соны әрі қарай дамыта түскен орынды іс болмақ. Себебі, барлық дамыған, демократиялық мемлекеттер мұны әлдеқашан түсінген. Оларда қайратты азаматтық қоғам қалыптасқан.
Азаматтық қоғам – демократия дамуының көрсеткіші. Бұл – халықтың қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани және саяси мәдениеті. Осы идея аясында бірлескен, құрылған қоғамдық ұйымдар – азаматтық қоғамның күре тамыры. Азаматтық қоғамның жұмысы кемелденген кезде барлығымыздың өміріміз мазмұнды деңгейге көтеріледі деген ойдамын.
Қазіргі таңда елімізде азаматтық қоғам қалыптасу үстінде. Дегенмен соңғы 5-10 жылдың ішінде еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың саны артты, қамтитын бағыттары кеңейді. Азаматтық қоғам институттарына үкіметтік емес ұйымдардан бөлек, саяси партиялар, еріктілер қозғалысы мен қайырымдылық қорлар да жатады. Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан қоғамдық ұйымдардың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Президент өз Жолдауында ел экономикасын дамытуды күшейту үшін саяси модернизация жасап, сол арқылы осы қоғамдық ұйымдарды және азаматтық секторды көбірек тарту қажеттілігін айтқан болатын. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан да тиісті іс-шаралар, арнайы тұжырымдамалар қабылдануда.
Мемлекеттік органның барлығы белгілі бір мәселеге бірдей қарауы мүмкін, ал азаматтық қоғам институттары білім, медицина, әлеуметтік қорғау сияқты әртүрлі саладағы топтар болғандықтан жан-жақты көзқараста болады. Сонымен қатар, олар жергілікті мәселелерді жақсы біледі. Осылайша үкімет пен мемлекетке ақпаратты тез жеткізе алады. Атқарушы орган мұндай топтарды ақпаратты алу, ортақ шешім қабылдауға пайдалана алады.

Қорыта айтқанда, әлемде азаматтық қоғамы дамыған елдер алға қарай қадам басып, дамыған елдер. Себебі, азаматтарының көзқарасы мен пікірлеріне құлақ асатын билігі бар азаматтық қоғам – ең жақсы қоғам.

Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ 19 Қараша 2024, Сейсенбі
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать