Шымкент. Цифрлық құқық – адамға интернет кеңістігінде берілетін құқық.
Цифрландыру жүйесі елімізге келіп, біршама қолымызды ұзарды десек те болады. Себебі қазіргі таңда айналамыздың бәрі – технология, бәрі – компьютер. Денсаулық мәселесіне де көз жүгіртсек, қазір бәрі дерлік базада сақталады, ИИН нөмірін теру арқылы ақпаратты оңай алуға болады. Сол секілді көптеген салалар қарқынды даму үстінде.
Дербес деректерді қорғау жеке өмірге қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етеді. Дербес деректі қорғау – азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың ажырамас бөлігі. Мәліметті рұқсатсыз пайдалану жеке тұлғаның құқығын шектеп, заңсыз әрекеттерге жол ашады.
Дербес деректерді қорғау ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттырады. Егер дербес дерек дұрыс қорғалмаса, ол хакерлік шабуылға ұшырап, құпия ақпарат сыртқа шығып кетуі мүмкін.
Көптеген елде дербес деректі қорғау бойынша арнайы заңдар қабылданған. Мысалы, Қазақстанда «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы 2013 жылы қабылданды. Бұл заң дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау қағидаларын реттейді және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Әр азамат өз дерегіне мұқият болғаны абзал. Біріншіден, дербес деректі жинау тек заңды негізде және дербес деректер субъектісінің келісімімен жүзеге асырылуы тиіс.
Екіншіден, дербес дерек тек белгіленген мақсатқа сәйкес өңделуі керек. Деректі өңдеу барысында дербес деректің дұрыстығы, толықтығы және өзектілігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Үшіншіден, дербес дерек тек қажетті мерзімге сақталуы тиіс. Мерзімі өткен дерек жойылуы керек.
Дұрыс қорғалған дербес дерек адамдардың жеке өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрбір азамат дербес деректерін қорғаудың маңыздылығын түсінуі және осы саладағы заңнаманы сақтауы тиіс.
Дербес дерек пен цифрлық құқық тығыз байланысты, себебі цифрлық құқық жеке тұлғаның интернеттегі және цифрлық кеңістіктегі ақпаратының қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуді қамтиды. Дербес деректі қорғау – цифрлық құқықтың маңызды аспектілерінің бірі.
Әрі қарай мұны оқырмандарға қарапайым тілде түсіндіре кету артық болмас. Цифрлық құқық – адамға интернет кеңістігінде берілетін құқық. Алайда, интернеттегі адам құқығына төнетін қауіптің ықтималдығы жоғары екенін біле бермейміз. Жалпы, цифрлық қауіпсіздікті сақтау үшін тәжірибе керек емес, тек бірнеше қағидатты естен шығармай, оларды орындау жеткілікті.
Тілші : Журсынбай Аружан Сабырқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
04 Қараша 2024, Дүйсенбі
Түркістан облысы. Ұлттық қауіпсіздік шаралары қазіргі таңда Түркістан қаласында арнайы мәжілістерде талқылануда.
02 Қараша 2024, Сенбі
Түркістан облысы. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы әрбір азаматқа бейбіт өмір мен қауіпсіз орта қалыптастыруды мақсат етеді.
08 Қазан 2024, Сейсенбі
Шымкент. Саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.
05 Қазан 2024, Сенбі
Шымкент. Бүгінгі таңда дамыған азаматтық қоғам кез-келген дамыған мемлекеттің негізі болып саналады
02 Қазан 2024, Сәрсенбі
Шымкент. Цифрландыру – бұл заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды қолдану арқылы экономикалық, әлеуметтік және саяси процестерді оңтайландыру және жетілдіру процесі.
13 Желтоқсан 2023, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: ДЕРБЕС САРАПШЫЛАР МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮШ ЖЫЛДАҒЫ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
Комментарии (0)