Шымкент. Тұрғын үй саясаты аясындағы мемлекеттік бағдарламалар
Шымкент — Қазақстандағы ең ірі қалалардың бірі, әрі оңтүстік аймақтағы маңызды экономикалық, мәдени, және әкімшілік орталық. Халық санының жылдам өсуі мен урбанизацияның қарқынды дамуы Шымкент қаласындағы тұрғын үй саясатына ерекше назар аударуды талап етеді. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету басты басымдықтардың қатарында.
Шымкент қаласында халықтың басым бөлігі жас отбасылар, аз қамтылған отбасылар және урбанизацияға байланысты көшу арқылы келген тұрғындар болғандықтан, қолжетімді баспанаға сұраныс жоғары.
Қалада жаңа тұрғын үй кешендері мен көпқабатты үйлер салынып, мемлекеттік және жеке құрылыс компаниялары белсенді жұмыс істеуде.
Тұрғын үй құрылысы барысында қаланың инфрақұрылымын жаңарту мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жолдар, су құбырлары, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелері жаңартылуда. Әлеуметтік инфрақұрылым — мектептер, балабақшалар, ауруханалар — жаңа тұрғын үй аудандарында салынуда. Шымкентте тұрғын үй алу үшін бірнеше мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда: “Нұрлы жер”, “Бақытты отбасы”, “7-20-25” және басқа да ипотекалық несиелеу бағдарламалары. Ипотекалық несиелердің қолжетімділігін арттыру арқылы қала тұрғындарының баспана алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді.
Тұрғын үй саясаты аясындағы мемлекеттік бағдарламалар
1. “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы
аясында Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қолжетімді тұрғын үйлер мен әлеуметтік баспаналар салу мақсатында инвестициялар тартылып, жер учаскелері бөлінеді. Бағдарлама аз қамтылған отбасыларды, көпбалалы аналарды, жас отбасыларды және мүгедектігі бар азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
2. “Бақытты отбасы” бағдарламасы арқылы әлеуметтік осал топтарға — көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жеңілдетілген шарттармен ипотека беру көзделген.
Ипотекалық несие мөлшерлемесі — 2%, бастапқы жарна — 10%. Шымкентте осы бағдарлама аясында көптеген отбасылар баспанаға қол жеткізді.
3. “Шаңырақ 5-10-20” бағдарламасы
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүзеге асырылатын бұл бағдарлама әлеуметтік топтарға жеңілдетілген ипотекалық несиелер ұсынады. Бастапқы жарна — 10%, несие мөлшерлемесі — 5%. Шымкент қаласында бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйлер салынуда.
Шымкент қаласында соңғы жылдары бірнеше ірі тұрғын үй жобалары іске асырылуда:
1. “Shymkent City”-Бұл жаңа аудан Шымкент қаласының солтүстік-батысында орналасқан, жалпы ауданы 427 гектар.
Жобаның мақсаты — заманауи тұрғын үйлер, кең көшелер, саябақтар, мектептер, балабақшалар, емханалар және сауда орталықтары салу арқылы жаңа урбанистикалық орталық құру.
“Shymkent City” жобасы қала тұрғындарына қолайлы және сапалы өмір сүру жағдайларын ұсынуды көздейді.
2. “Қаратау” ауданы:
Қала әкімдігі бұл ауданның дамуына ерекше көңіл бөлуде. Бұл аудан қала халқының көпшілігін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынуда. Жоба аясында мектептер, балабақшалар, спорттық кешендер және мәдени нысандар жоспарланған.
3. Жеке тұрғын үй құрылысы:
Шымкент қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелері бөлініп, инженерлік инфрақұрылым дайындалуда.
Азаматтар өздерінің жеке үйлерін салу мүмкіндігіне ие болып, қала шекарасындағы елді мекендер де дамып келеді.
Шымкент қаласындағы тұрғын үй саясаты халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыруға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, жаңа тұрғын үй кешендерінің салынуы және инфрақұрылымның дамуы қаланың болашағын айқындап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы

Обсудить
Другие статьи:
ЖАҢА АВТОВОКЗАЛ ЖҰМЫСЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
ЖЫЛУЭЛЕКТРОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ (ТЭЦ)
19 Қараша 2024, Сейсенбі
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ
19 Қараша 2024, Сейсенбі
Похожие материалы:
10 Қараша 2024, Жексенбі
Шымкент қаласының тұрғын үй саясаты халықтың баспанаға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кешенді шараларды қамтиды.
Комментарии (0)