Байланысқа арналған телефондар:
» » Қуатты өңірлер-ел дамуының драйверлері

Қуатты өңірлер-ел дамуының драйверлері

12 Желтоқсан 2024, Бейсенбі
42
0
Шымкент қаласы – еліміздің қуатты өңірлерінің бірі, ол экономикалық даму мен тұрақтылықтың маңызды драйверіне айналуда. Қаладағы өнеркәсіптік даму, инвестициялар тарту, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар Шымкентті тек Оңтүстік Қазақстан аймағының орталығы ғана емес, бүкіл елдің экономикалық дамуына үлес қосатын маңызды өңірге айналдыруда. Бұл қаланың экономикалық күшін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға және еліміздің тұрақты дамуына ықпал етуде.

     Шымкент қаласындағы Тұран ауданын 2025 жылы 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған.
     Бүгінде Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 95,5% сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал 2026 жылы 100% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Табиғи газбен 85,7%, қамтылса 95,2% электр қуатымен қамтылған. 2026 жылы табиғи газбен 100%, 2025 жылы 100% сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1% құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2%-ға жеткізу жоспарға қойылған. 
     2024 жылы Тұран ауданындағы 50 көшеге, 37,2 шақырым асфальт салу жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар, 2024 жылы барлығы 43 көшеге аяқжол салу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 39 көшенің құрылысы аяқталды, қалған 4 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Тұран ауданында өткен 10 айдың көрсеткіші бойынша жарықтандыру жұмыстары қарқын алған. 2024 жылы 10 айының қорытындысымен 400 көше жарықтандырылды. Аудан аумағындағы 79 аула аралықтарына 154 дана жарықшамдар орнату бойынша мердігер мекемемен жұмыстар атқарылуда. Ирригация орнату жұмыстары бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Жалпы 32 көшеге 13,4 шақырым ирригация жүйесі салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 24 көше жұмысы аяқталды, 4 көшенің құрылысы жүруде. Сондай-ақ, 2024 жылы Тұран ауданында жалпы балаларға арналған 40 жоба жоспарланған. Оның ішінде, 30 ойын алаңша, 8 кешенді алаңша (балалар /спорт), 2 спорт алаңша. 2 нысан бойынша жұмыс атқарылуда, 20 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағында демеушілер тарапынан Түркістан ш/а Айқап көшесіне балалар ойын алаңшасын және Рысқұлбеков көшесіне тренажерлық алаңша орнатылды. Ал 24 нысан бойынша мердігер анықталып, жұмыстар атқарылуда. 
     Тозығы жеткен 30 ашық спорт алаңшаларының жабындысын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Тағы бір айта кетерлік жайт, балаларды қорғау күніне орай Қажымұқан стансасынан Дендросаябақ аралығына дейін жүріп өтетін ұзындығы 5 шақырымға жуық «Тұлпар» балалар темір жолының орнына веложол салынды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы баспалдақ жасалды. Аудан аумағында демеушілер тарапынан 2 демалыс аумақтары (аллея, сквер) тұрғындар игілігіне берілді. Нақтырақ айтатын болсақ, Желтоқсан көшесінің бойында (Аэровокзал) және Мадлен мейрамханасы аумағында (Шымкент қонақ үйі). Ауданында 2024 жылы қоқыс алаңшаларындағы қоқыс қалдықтарын жинауға арналған контейнерлерді жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Қоқыс алаңшасы 54, қоқыс контейнерлері 260. Нәтижесінде, аудан аумағында қоқыс контейнерлері 100% жаңартылады. 
     2024 жылы аудан аумағында 3060 қоқыс жәшігі орнату жоспарланған болатын, қазіргі таңда 3060 қоқыс жәшігі орнатылды. Бұдан бөлек, биылғы жылы 3 көп қабатты үй күрделі жөндеуден өтеді, 5 үйдің жедел сатысы ауысады (лифт).
     Қорытындылай келе, Тұран ауданында 2024 жылы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ауданның сапалы электр қуатымен қамтылуы 2025 жылы толықтай жүзеге асырылмақ, ал 2026 жылы ауыз сумен қамту және табиғи газбен қамту көрсеткіштері де 100%-ға жетеді деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта инфрақұрылым саласында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде көшелерді жарықтандыру, ирригация жүйелерін орнату, балалар алаңдарын салу, спорт алаңшаларын жаңарту және қоқыс жүйелерін жаңарту жұмыстары көзделген. Аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әртүрлі әлеуметтік нысандар мен демалыс аумақтары құрылып, көлік инфрақұрылымы да жетілдірілуде.
     Сонымен қатар, аудан аумағында балаларға арналған ойын алаңшалары мен спорт алаңшаларының құрылысы жүріп жатыр, ал демеушілер тарапынан балалар ойын алаңшалары мен тренажер алаңшалары орнатылуда. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін көше жарықтандыру мен қоқыс жүйесін жаңарту шаралары да жүргізілуде. Бұл жобалардың барлығы Тұран ауданын дамытудың маңызды кезеңдерін көрсетеді және ауданның инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар екендігін дәлелдейді.
     Ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған шаралар, соның ішінде балалар ойын алаңшалары мен демеушілер есебінен орнатылған спорт алаңшалары, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Осылайша, Тұран ауданының даму жоспары тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету және ауданның инфрақұрылымын тиімді дамыту үшін маңызды қадамдарды қамтиды.

Тілші: Кенжебаева Гаухар Жақыпқызы 

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать