ҚАЛАНЫҢ ДАМУЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жедел әрі сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейі артып отыр.
Қалада жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақыны көбейту, баспана салу, жол жөндеу, жарықтандыру сияқты маңызды мәселелер күн тәртібінен түскен емес.
Осылайша ауқымды жобалар жоспарлы түрде жүзеге асып жатса, кезек күттірмейтін кей мәселелер көшпелі кездесулерде-ақ шешімін табуда.
Биылғы жылы қала экономикасының өсімі 12 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда (5 орын).
Оның ішінде, тартылған инвестиция 9 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 27 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 42 пайызға, сауда көлемі 19 пайызға, көлік қызметі 26 пайызға, өнеркәсіптегі өнім көлемі 2 пайызға артты.
Мемлекет басшысы елімізде өңдеу өнеркәсібін 1,5 есеге ұлғайтып, еңбек өнімділігін арттыруды тапсырған болатын.
Осы бағытта биыл құны 78,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның 12-сі іске қосылып, 67,1 млрд теңгеге инвестиция тартылды.
Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
Обсудить
Другие статьи:
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады – Конституциялық комиссия
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
ШЫМКЕНТ: 100 МҰҒАЛІМГЕ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ГРАНТЫ БЕРІЛЕДІ
28 Қантар 2026, Сәрсенбі
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТАҒЫ 23 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
27 Қантар 2026, Сейсенбі
Похожие материалы:
13 Желтоқсан 2024, Жұма
Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру.
Комментарии (0)





