ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шымкент қаласы Тельман мөлтек ауданында халық санының артуына байланысты және оқушылардың ұзақ мектептерге қатынап оқуын болдырмау мақсатында өткен жылы жаңа мектеп құрылысы басталған болатын.
1200 оқушыға арналған бұл білім ордасының құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталған және ағымдағы жылдың жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс алаңында сыртқы абаттандыру мен инженерлік инфрақұрылымды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Мектеп пайдалануға берілген соң, Тельман тұрғындары үшін білім беру мәселесі едәуір жақсарып, оқушылардың тығыздық мәселесі шешімін табады деп күтілуде.
Тілші : Алимбетов Азамат
Обсудить
Другие статьи:
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАМА
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
ПРЕСС-РЕЛИЗ
04 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
Шымкентте студенттер экологиялық бастамаларды талқылады
03 Желтоқсан 2025, Сәрсенбі
Похожие материалы:
06 Қантар 2025, Дүйсенбі
Түркістан облысында құрылыс нысандарына 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді
07 Желтоқсан 2023, Бейсенбі
ШЫМКЕНТ: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 12 БІЛІМ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Комментарии (0)



